Мұнай қымбаттаса да теңге бағамының құлдырауына тоқтау бола алмайды – сарапшылар

Жарияланды
Фото: shutterstock және freepik

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сарапшылары бір жылдан кейін теңгенің долларға шаққандағы бағамы 480 теңгеге дейін баруы мүмкін деп болжайды. Қауымдастық қаржы нарығындағы кәсіби тұлғалар арасында жүргізген сауалнама нәтижелерін жариялады. Сауалнаманың 2023 жылдың қыркүйегінде құбылған жаһандық кейбір көрсеткіштер бойынша жүргізілгені айтылды.

Сонымен қатар, зерттеуде қаржы нарығындағы кәсіби тұлғалардың, банк, сақтандыру, брокерлік ұйымдар өкілдерінің, талдау және қазынашылық бөлімшелері қызметкерлерінің ой-пікірлері зерделенген.  

Мұнай бағасы. Әлемдегі экономикалық құбылыстарға көз тіккен сарапшылар мен өз кәсібінің «білгірлері» таяу келешек пен болашақтағы жайттарға қатысты бірқатар тың пайым айтқанын байқауға болады. Мәселен, сарапшылар болашақтағы табиғи ресурстардың әлем алпауыттарына қалай ықпал етерін былайша жіктейді:  

«АҚШ экономикасының «баппен құлдырауын» күткен Сауд Арабиясы мен Ресейдегі мұнай өндірісінің біртіндеп азаюы және Қытайдың біртіндеп өз қалпына келуі әлемдік нарықтағы мұнай тапшылығына қатысты қорқынышты үдетті. Осыған байланысты сауалнамаға қатысқан сарапшылар мұнайдың орташа бағасы бойынша айтқан мерзімді болжамдары қуантарлықтай. Қазір бір баррель мұнай 86,2 доллар тұрады деп күтіліп отыр. Бір ай бұрынғы болжамда бұл меже 81,9 долларға тең еді» – дейді сарапшылар.

Қазақстанның ЖІӨ-і. Сондай-ақ, сала мамандары Қазақстан қара алтынының келешегіне де үңіледі. Бұған қатысты:

«Қазақстан экономикасының өсуін нақтылайтын өнімді деректерді (7М2023 ж.қорытындысы бойынша+4,8%), сондай-ақ мұнай бағасының артуын ескере отырып, алдағы 12 айда елдің ЖІӨ-нің өсуі бойынша болжам да жақсарды, Бір  бір ай бұрынғы 3,9% – ға қарағанда +4,1% болады» – дейді.

Валюта бағамы. Дегенмен сауалнамаға жауап бергендер тобы мемлекеттік стандарттардың жіктеу құны түсіп, валюталық түсімнің бірқатар нормаларын жою сынды себептер Ұлттық валюта бағамын құлдырататынын айтады.

«Сауалнамаға қатысушылар қазан айының басында USD KZT жұбы бойынша бағам 464,2 теңгені құрады деп болжайды (мысалы. 461,8), ал бір жылдан кейін ол бір доллар үшін 481,7 теңгеге дейін өсуі мүмкін (өткен болжамда – тиісінше 447,4 және 466,1 теңге)», – дейді олар.

Сондай-ақ оқыңыз