Тәжікстан 2024 жылдан бастап Қазақстаннан кіретін ескі көліктерге тыйым салады
Тәжікстан 2013 жылға дейін шығарылған көліктерді елге кіргізуге тыйым салды. Енді Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдер мен Қазақстаннан жылы ескі көліктер кірмейді. Бұл жайлы Қазстандарт баспасөз қызметі хабарлады.
«Тәжікстан ауаны ластаушы және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтірудің негізгі көзі саналатын ескі көліктердің импортына, сондай-ақ аккумуляторлар, дөңгелектер, кондиционерлер сынды ескі көліктердің қалдықтардың айтарлықтай өсуіне жол бермеуге бағытталған қаулы дайындады», делінген хабаррламада.
Қаулы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
2005 жылдан бастап ҚазСтандарт базасында техникалық кедергілер және санитарлық-фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталық жұмыс істейді. Орталық ДСҰ хатшылығы мен ДСҰ-ға мүше мемлекеттерге және барлық мүдделі тараптарға ақпарат таратып, осы саладағы өзгерістер жөнінде хабарлап отырады.