Тұрғындар арасында инфляцияны күту де, даму перспективаларын бағалау да төмендеді
Ұлттық банк халықтың инфляциялық күтулеріне қатысты тамыз айындағы сауалнама қорытындысын жариялады. Оған сәйкес, инфляциялық күтулер екінші ай қатарынан төмендеген, алайда жоғары болып қала береді.
Сонымен қатар, есепте айтылғандай алдағы жылдағы елдің даму перспективалары бойынша бағалау төмендегені есебінен тұтынушылық көңіл күй нашарлаған.
2023 жылғы тамызда күтілетін инфляцияның медианалық бағалауы1 16,4% дейін төмендеді, шілде айында бұл мән 16,9%-ды құраған.
Ал, қабылданатын инфляцияның медианалық бағалау 18,4% болды, шілде айында 18,6% еді. Керісінше, бағалардың жылдам өсуін күткен респонденттер үлесі шілде айына қарағанда (20%) аздап өсіпті – 26%.
2023 жылғы тамызда азық-түлік бағасының өскенін атап өткен респондент үлесі 2016 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіште – 66%. Алайда, ақылы қызметтер бағасының өсуін атап өткендердің үлесі біршама өсті (11%).
Тамақ өнімдерінің ішінде респонденттер сүт, ет өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін атап
өтті. Сонымен қатар, респонденттер коммуналды қызмет, интернет, тұрмыстық химия, жанар май қымбаттағанын атап өткен.
Тұтынушылардың көңіл-күй индексі 2023 жылғы тамызда 101,0-ге дейін төмендеді, шілдеде – 106,1 болған.
Ал, еліміздің алдағы жылдағы даму перспективалары бойынша бағалау –
17,7 пунктке, айтарлықтай төмендеп, сауалнаманың барлық жылдарында ең төменгі
деңгейді көрсетті. Ағымдағы жағдайды бағалауда соңғы жылдағы жеке материалдық жағдайдың бағасы – 2,0 пунктке төмендеді, бірақ ірі сатып алуларға дайындық 1,9 пунктке өсті.