Жаңалықтар

Қазақстанның солтүстігінен оңтүстігіне желі тартылса, оны Ресеймен бірге салу қажет емес -KEGOC

«KEGOC» АҚ Ұлттық электр желісін 2035 жылға дейін перспективалық дамыту жобасын қарастырды.

Жоба шеңберінде, оның ішінде Қазақстанның солтүстігінен оңтүстігіне (Екібастұздан Жамбылға дейін) тұрақты тоқ беру желісін салу мәселесі қаралуда.

Осы бастаманы іске асыруға қатысты оң шешім қабылдаған кезде Ресей тарапынан Қазақстан арқылы Қырғызстанға электр беру желісін салу қажеттілігі жоқ.

«KEGOC» АҚ компанияның 2032 жылға дейінгі даму стратегиясына енгізілген тұрақты тоқ беру желісі құрылысының техникалық-экономикалық негіздемені дайындау бойынша жұмыстарды қайта бастауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Атырау мұнай өңдеу зауыты бірқатар қондырғылардың жұмысы тоқтағанын хабарлады.