Жаңалықтар

Ким Чен Ын КХДР Ресей билігінің барлық шешімдерін қолдайтынын айтты

КХДР жетекшісі Ким Чен Ын Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз кезінде Солтүстік Корея Ресейдің барлық шешімдерін қолдайтынын айтты.Бұл туралы Интерфакс ру хабарлады.

«Қазір Ресей өзінің егемендігі мен қауіпсіздікті қорғау үшін көтерілді. (…) Қазір біз қарым-қатынасты одан әрі дамытқымыз келеді. Біз әрқашан президент Путиннің барлық шешімдерін, Ресей Үкіметінің шешімдерін қолдадық және қолдаймыз. Біз әрқашан империализмге қарсы күресте және егемен мемлекеттің құрылысында бірге боламыз деп үміттенемін», – деді Ким Ченн Путинмен келіссөздердің басында.

Ол КСРО-ның КХДР тәуелсіздігінің қалыптасуы мен құрылуында үлкен рөл атқарғанын және екі елдің достығы «терең тамыры бар»екенін еске салды.

«Ал қазір біздің еліміз үшін ең бірінші басымдық – Ресей Федерациясымен қарым-қатынас», – деді Ким Чен Ын. Ол бұл кездесу Ресей мен КХДР арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.

«Бізде саясат, экономика және мәдениет сияқты көптеген мәселелер бар», – деді Ким Чен Ын.

Ол Путинге Ресейге шақырғаны үшін және «ғарыш күшінің жүрегі»деп атаған Восточный ғарыш айлағына бару мүмкіндігі үшін ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, Ким Чен Ын алдағы күндері Ресейге ресми сапармен барады деп хабарладық.