Мұнай бағасы өсіп жатыр, ал ДСҰ Украинадағы соғыс салдарын еске салды
Фото: kursiv.media
ДСҰ Украинадағы соғыстың әлемдік экономикаға төндірер қаупі мен салдары толыққанды бағаланбаған деп санайды. Мұны АҚШ пен Қытайдағы экономика ағысының ақсап, ЖІӨ-нің төмендеуімен қатар қарастыруға болады. Бұл ретте Қытай экономикасына қатысты «құлдырау қағидалары» қайта қаралды. Брақ ОПЕК елдері тарапынан болатын ұсыныстың азаю себебінен қалыптасқан тапшылық мұнай бағасы өсуіне ықпал етті. Осы және басқа тақырыптар туралы әлемдік БАҚ-қа шолудан оқыңыз.
Oracle ағысқа қарсы жүзе алмады
Yahoo Finance көңілге ауыр тиетін деректерді жариялай отырып, Oracle акциялары (бағдарламалық жасақтама жасайды) 13,5% төмендеді деп хабарлайды. Компания тосыннан келген макроэкономикалық жағдаймен ұшырасты. Қазір «өсудің жоғары қарқынына кереғар келетін кейбір қысқа мерзімді кедергілермен» бетпе-бет келіп отыр, олар күрделі шығындарын теңестіріп, енді 89 миллиард доллар қарызын өтеу жолында қызмет етуі керек», деп жазды JMP Securities талдаушысы Патрик Уолравенс. Бір қызығы, табыспен қатар Oracle-да бұлты сатылымның өсуі де баяулады.
2023 жылдың бірінші тоқсанында Oracle-де бұлтты инфрақұрылымынан түскен табыс 6 1,5 млрд болды, көрсеткіш 66%-ға өсті. Бұл 2022 жылдың төртінші тоқсанындағы көрсеткіштерден төмен (+76%). Oracle-де және басқа да бірқатар технологиялық компаниялар әлеуетінің құлдилауы NASDAQ индексін төмендетті, кеше индекс 1,04% жоғалтты.
Сонымен қатар, Microsoft 14 қыркүйек күні өтетін Oracle-мен бірлескен баспасөз мәслихатында серіктестіктің жаңартылатынын хабарлады.
Энергетика компаниялары акцияларының жұлдызы жануы мүмкін
Yahoo Finance жазғандай, энергетикалық компаниялардың акциялары қайтадан қызығушылықты оятады. Қағаздары өте жоғары бағаланғандықтан инвесторлар «өсу акциялары» бойынша мәмілелерден бас тартады, Энергетика сектордың жандануына мұнай бағасының өсуі қолдау көрсетеді. Себебі өнім 2023 жылғы маусымнан бастап 29% табыс қосты. Нәтижесінде, мысалы, сейсенбі күні S&P 500 Energy Select ETF 2%-дан астам өсті. Бұл технологиялық компаниялардың акцияларының құлдырауы аясында болды.
Oppenheimer компаниясының бас инвестициялық стратегі Джон Стольцфус мұнай бағасының 2023 жылы ең жоғары деңгейге көтерілуі акцияларды сатып алуға мүмкіндік береді деген көзқарасты мақұлдайды. WTI мұнайы сейсенбідегі күндізгі сауда-саттықта 89 доллардан (барреліне) сәл төмен болды. Brent маркалы мұнай фьючерстері 2022 жылдың 17 қарашасынан бері алғаш рет 92 доллардан асты (барреліне).
ОПЕК деректері 2023 жылдың IV тоқсанында, Сауд Арабиясы мен Ресей Федерациясынан тәулігіне 3 миллион баррельге дейін жеткізілімдердің қысқаруына байланысты 10 жыл көлемінде ең үлкен мұнай тапшылығының пайда болады, деп нақтылайды Bloomberg. Кеше ОПЕК 2023 жылы тәулігіне мұнайға деген әлемдік сұраныстың 2,4 млн баррельге теңескен өсу бағасын сақтап қалды. 2024 жылғы болжамдар өзгерген жоқ: Мұнайға әлемдік сұраныстың өсуі тәулігіне 2,2 млн баррель деңгейінде болжануда.
2023 жылы Қытай ЖІӨ өсіміне қатысты болжам 5%-ға дейін төмендеді
Reuters 4-11 қыркүйек аралығында Қытай экономикасының өсу перспективалары туралы 76 сарапшы арасында сауалнама жүргізді. Сейсенбіде агенттік ҚХР экономикасы 2023 жылы 5%-ға, ал 2024 жылы 4,5%-ға өсетіні жайлы нәтижені жариялады. Көрсеткіш сарапшылардың бұрынғы айтқанынан да аз (5,5%).
Қытайдың проблемалары ішкі сұраныстың төмендігімен және жылжымайтын мүлік секторындағы үлкен қарыздармен байланысты. Сонымен қатар, жастар арасында жұмыссыздық деңгейі өсуде, ал жеке компаниялардың қарызы жоғары, бұл оларды бизнесті дамытуға инвестиция салудан бас тартуға мәжбүр етеді.
ДСҰ 2023 жылы Ресей Федерациясына қарсы салынған санкциялардың әлемдік экономикаға кері әсер ететінін айтты
Нарық әлемі Украинадағы соғыс туралы жаңалықтардан әлдеқашан бас тартқанымен, ДСҰ Ресейге қарсы санкциялардың 2023 жылы әлемдік экономикаға теріс әсер ететінін ескертті.
Санкциялар қақтығыс аяқталғанға дейін қолданылады, яғни олардың әсері артады.
Тағы бір жағымсыз фактор – Қытай мен АҚШ арасындағы экономикалық бәсеке, бұл олардың әл-ауқатының, сәйкесінше, ЖІӨ-нің 0,3% және ЖІӨ-нің 0,1% төмендеуіне әкелді. Ресей Федерациясына қарсы санкциялар мұнай, газ, металл нарығының «қайта форматталуына», сондай-ақ жеткізу тізбегінің бұзылуына байланысты әлемдік экономикаға кері әсер етуі мүмкін.
ДСҰ-да Ресей нақты ЖІӨ-нің ең үлкен құлдырауына тап болады деп күтілуде.
Қысқа-нұсқа
Apple өзінің жаңа құрылғыларын жыл сайынғы презентация іс-шарасында таныстырды. IPhone 15 Pro желісі телефон үшін орташа есеппен 1 мың доллар тұрады, смартфондар арнайы жасалған Apple A17 Pro процессорындағы жылдамырақ чиппен жабдықталған. Алайда, компанияның акциялары кеше шамамен 1,71% жоғалтты.
АҚШ-тағы үй шаруашылығының нақты орташа табысы 2,3%-ға төмендеді, 2022 жылы 7 74,580-ге дейін, 2021 жылы 7 76,330-ға дейін төмендеген еді. Бұл ретте инфляция 7,8%-ға өсті, бұл 1981 жылдан бері елдегі өмір сүру құнының ең үлкен өсуі болып саналады.
Enfabrica AI чиптерін шығаратын Стартап Nvidia қолдауымен 125 миллион доллар жинады, деп жазады Reuters.
Америкалық чип жасаушы Globalfoundries Сингапурда 4 миллиард долларға Чип шығаратын зауыт ашты.
Arm Holdings-тің алғашқы акцияларына қатысу сұранысы ұсыныстан 10 есе асып түсті, деп хабарлайды Bloomberg. IPO 14 қыркүйекте NASDAQ-та бір акция үшін 47-51 доллар бағасымен өтеді. Енді компания 4,7 миллиард доллар жинайды деп күтілуде, бұл оның нарықтық капитализациясында 50,25-54,5 млрд доллар болады.