Жаңалықтар

Атырау мұнай өңдеу зауыты бірқатар қондырғылардың жұмысы тоқтағанын хабарлады

фото: Kazakhstan Today

Атырау мұнай өңдеу зауыты электр энергиясының сөнуіне байланысты бірқатар қондырғылардың жұмысын тоқтатқанын хабарлады.

Зауыттың баспасөз қызметі проблеманың басты себебі ретінде электр энергиясының сөнуін көрсетеді:

«2023 жыл, 13 қыркүйек, сағат 06:45-те (жергілікті уақыт бойынша)» KEGOC «АҚ электр энергиясының сөнуіне байланысты бірқатар технологиялық қондырғылардың жұмысы тоқтатылды», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында жанармай желісінің факель жүйесіне қайта бағытталғаны айтылды.

Сонымен қатар, зауыт басшылығы мұнай өңдеу процесін ақсатып алмау үшін қажетті шаралардың қабылданып, құрылғыларды қайта іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

«Қазіргі уақытта нысандарды қайта іске қосу және режимді қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Болған жағдай өндіріс процесіне айтарлықтай әсер етпейді», – делінген хабарламада.

Орайы келгенде айта кетейік, Атырау МӨЗ – Қазақстандағы үш ірі мұнай өңдеу зауытының бірі. Кәсіпорынның негізгі иесі  –  «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы. Зауытта мұнайды қайта өңдеудің жобалық қуаты жылына 5,5 млн тоннаға пара-пар, ал қайта өңдеу тереңдігі – 86,4%-ға дейін жетеді.