«Қазақтелеком» акционерлерінің құрылымында өзгеріс болды

Жарияланды
Фото: shutterstock

Елдегі ірі оператор  «Қазақтелеком» АҚ акционерлерінің құрамы өзгерді. Мәлімет Қазақстан қор биржасының (KASE) деректер бағанында  жарияланды.  

Ақпаратқа сәйкес, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті аталған компанияның өзіне тиесілі акцияларын «Самұрық-Қазына» АҚ-на қайтарды. Осылайша енді әл-ауқат қорының қолында «Қазақтелекомның» 8 655 561 қарапайым акциясы бар. Бұл орнаkастырылған қарапайым акциялардың 79,24%-ы немесе жалпы бағалы қағаздарының 71,32%-ы.

Бұған дейін жазғанымыздай, «First Heartland Jusan Bank» АҚ бұдан былай «Қазақтелеком» АҚ-ның 983 350 қарапайым акциясына немесе 9,00% үлесіне ие болды.

Мұнымен қоса алғанда, «Қазақтелеком» АҚ қарапайым акцияларының номиналды иесі The Bank of New York Mellon. Ақпаратқа сәйкес, оның қолдағы үлес бес пайызыдан да аз көрсеткішке тең.

«Қазақтелеком» хабарлауынша, акционерлер құрамындағы өзгерістер операциялық қызмет барысына әсер етпейді, жоспарланған жобалар іске асырылады. Атап айтқанда, «Қазақтелеком» АҚ республикада аумағында бесінші буын байланысын құру,  қызмет сапасын арттыру мақсатында жаңа технологияғы қолдануды жетілдіру, технологияларынан деректерді оптикалық сипатта ұсыну,  қызметтер мен сервистердің сапасын арттыруды көздеп отыр.

Бұған дейін сарапшыларды елең еткізген құбылыс – «Қазақтелеком» акцияларының күндізгі сауда-саттық көлеміне 32,8 млрд теңгеге (7 70 млн доллардан астам) жетіп жығылғанын жазған едік. 11 қыркүйекте болған мұндай дүмпуге «Қазақтелеком» араға бес жыл салып қайта жетіп отыр

Сондай-ақ оқыңыз