«ҚазМұнайГаз» Karaton Operating Ltd компаниясының иесі болды

Жарияланды

Фото: kursiv.media

«ҚазМұнайГаз» геологиялық барлау жұмыстарымен айналысатын Karaton Operating Ltd жеке компаниясының иесі болды. Бұл жайлы мәліметті компания Қазақстан қор Қазақстан қор биржасының (KASE) деректер бағанында жарияланды.

Аталмыш жеке компания геологиялық барлау жұмыстарымен айналысады.

АХҚО-ның көрсетуінше,  бұл фирманың құрылтайшысы – Нұрлан Қонысов.

Еске сала кетейік, Нұрлан Қонысов «Қазмұнайгазда» бұрын Геология және барлау департаментінің директоры қызметін атқарған. 2023 жылы 5 қыркүйекте ол аталмыш қызметтен кеткен.

2023 жылдың 8 қыркүйегінен бастап Karaton жеке компаниясы 100 пайыз «ҚазМұнайГаз»-дың иелігіне өтті.    

ҚМГ акцияларының 87,42%-ы «Самұрық-Қазынаға», 9,58%-ы Ұлттық Банкке, 3%-ы миноритарлық акционерлерге тиесілі.  Жақында «Самұрық-Қазына» қайталама орналастыру (SPO) өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Ал Ұлттық банк SPO өтсе, өз акцияларын сату мүмкіндігін жоққа шығармады. 

Сондай-ақ оқыңыз