Жаңалықтар

Ерұлан Жамаубаевты полиция ұстағаны туралы ақпарат жалған – Қаржы министрлігі

Фото: shutterstock.com

Әлеуметтік желілерде ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты полицияның ұстап алғанына бейнеленген сурет жарияланды. Суреттің астындағы сілтемеде министрді  «Қазақстан Банкі»-нің  сотқа бергені туралы жазғылған мақала орналастырылған. Қаржы министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, жалған екенін мәлімдеді.

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі министрге қатысты сот процесінің болмағанын, оның ұсталуына қатысты фотосуреттердің жалған екенін мәлімдеді.

«Желіде қоғамдық тәртіпті бұзатын себеп тудыруға, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне және қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіруге бағытталған анық емес, көпе-көрінеу жалған ақпарат таратылды. Осы құқыққа қайшы әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», – деп еске салды министрлік.