Тимур Сүлейменов тамыз айында теңгенің не себепті құнсызданғанын айтты

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Ұлттық банк басшысы тамыз айында теңгенің құнсыздануына доллардың жаһандық нарықта нығаюы әсер етті деп тұжырымдайды. Бұл туралы ол Үкімет отырысында мәлімдеді.

«Теңге бағамы тамыздағы әлсіреуіне қарамастан, жыл басынан бері 1 доллар үшін 459,39 теңгеге дейін 0,7%-ке нығайды. Өткен айда теңгенің 3,0%-ке әлсіреуі доллардың жаһандық нығаюына байланысты болды», деді ол өз баяндамасында.

Бас банкирдің айтуынша, Ұлттық қордан валюта сату теңге бағамына оң ықпал еткен.

«Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансфертті қамтамасыз ету аясында валюта сату теңге бағамына оң ықпал етті. Оның тамыз айындағы мөлшері 770 млн долларды құрады», – деді Сүлейменов.

Сонымен қатар валюта бағамына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді міндетті түрде сатуы жөніндегі норманы тамыз айында тоқтата тұруы да әсер етті.

Тамызда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 240 млн долларға валюта сатып алынған.

Жақында Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сарапшылары бір жылдан кейін теңгенің долларға шаққандағы бағамы 480 теңгеге дейін баруы мүмкін деп болжам жасады.  Сарапшылар ұнай қымбаттаса да теңге бағамының құлдырауына тоқтау бола алмайды деп тұжырымдайды.

Сондай-ақ оқыңыз