Жалпыға ортақ декларациялау кезең-кезеңмен енгізіледі- Ұлттық экономика вице-министрі
Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне ұйымдастырылған брифингте журналистер Ұлттық экономика вице-министріне Мемлекеттік қызметшілер табысы туралы жария түрде есеп беретін бола ма? деп сұрақ қойды. Бұл сауалға Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин жауап берді.
Вице-министр жалпыға ортақ декларациялау кезең-кезеңмен енгізіліп жатқанын атап өтті.
«Жалпы декларация тапсыру бәріне тиесілі. Декларациялау кезең-кезеңмен жүргізіледі. Мемлекеттік қызметкерлер декларацияны бірінші тарсырады. 2020 жылы бірінші кезеңі басталған. Біз әр жыл сайын декларация тапсырамыз. Келесі жылдан бастап кәсіпкерлер, ал 2025 жылдан бастап қалған халықтың бәрі декларация тапсырады. Танымал адамдар үшін арнайы декларация тапсыру жоқ. Заңда көзделмеген»-деді Ұлттық экономика вице-министрі.