Жаңалықтар

Әкімшілік қызметкерлерінің 90 пайызы қоғамдық көлікпен жүретін, тірі адамдар – Ерболат Досаев

Фото: kursiv.media

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Әуезов аудандарының тұрғындарымен кездесу барысында, тұрғындар әкімшілік қызметкерлерін қоғамдық көлікпен жүруге көшіруді ұсынды.

«Айына екі рет әкімшілік қызметкерлерді қоғамдық көлікпен жүргізіп тұруды ұсынамын. Бұл жәй ғана ұсыныс. Егер, олар қоғамдық көлікпен жүрер болса, бұл айтарлықтай үлкен жаңалық болар еді», деді аудан тұрғыны.

Қала басшысы онсыз да әкімшілік қызметкерлерінің көпшілігі қоғамдық көліктерді пайдаланатынын айтты.

«Әкімшілікте істейтін қызметкерлердің 90 пайызы дәл сіздер секілді қала тұрғындары. Олардың ешқандай әлеуметтік жеңілдіктері жоқ, қарапайым адамдар секілді қоғамдық көлікпен жүреді. Олар метроны пайдаланатын қарапайым, тірі адамдар. Барлық қалалықтар секілді, олар да қаланы жақсы таниды. Сондықтан да маған қызметкерлерді автобусқа отырғызу жөнінде арнайы науқан өткізудің қажеті жоқ. Олар онсыз да соны пайдаланып жүр. Егер жеке көліктерге келер болса, оларды тек әкімшілік қызметкерлері ғана пайдаланбайды ғой. Сонымен бірге қаланың басқа да тұрғындары жеке көліктермен жүреді», деді әкім.