Апелляциялық сот Арыстанбек Мұхамедиұлына шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды
Астананың апелляциялық сот алқасы бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.
2023 жылдың 20 маусымында Байқоңыр ауданының №2 сотында Арыстанбек Мұхамедиұлы, Азамат Көшенов, Алмаз Нұрасхан және Айым Садуақасоваға сот үкімі шықты. Төртеуі де 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
14 қыркүйекте Іісті қараған сот алқасының төрағасы Мұрат Солтыбаев, судья Айбек Әмірғалиев, Алма Есімова сотталған Айым Садуақасованың өтінішін ішінара қанағаттандырды. 7 жылға сотталған Айым Сәдуақасоваға қатысты бірінші инстанциядағы сот үкімін өзгертіп, сот залынан босатуға шешім шығарды. Ол жазасын 5 жылдан кейін өтейді. Бұл жағдайда сот оның кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескерді. Сондай-ақ амнистияға ілігу бойынша өтінішін қанағаттандырмады.
Апелляциялық сот барысында экс-министрдің адвокаты Әйгерім Әнуарбек қылмыстық іс бойынша шығынның басым бөлігін Мұхамедиұлының отбасы өтегенін айтып, қылмыстық істі тергеу барысында өндірілген 111 млн теңгенің 73 млн теңгесін экс-министрдің отбасына қайтаруды сұрады. Алайда сот алқасы адвокаттың бұл өтінішін қанағаттандырмады.