Бас санитар қаулысы: бір сыныпта 30%-ға дейінгі оқушыларда ЖРВИ ауруы тіркелсе, онлайн оқуға көшеді

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері «2023-2024 жылдар аралығындағы эпидемиялық маусымда тұмау және ЖРВИ бойынша санитарлық-профилактикалық, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы» қаулыға қол қойды.

Қаулыға сәйкес ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу көзделген. Атап айтқанда осы жылдың 1 қазанынан бастап тұмауға қарсы екпе жүргізіледі, медициналық ұйымдарда кіре берісте «сүзгілердің» жұмысы қамтамасыз етіліп, маска пайдаланып, антисептиктер қойылады. Сондай-ақ ЖРВИ, тұмау көріністерімен үйге шақыру бойынша жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларға бірінші кезекте қызмет көрсетіліп, мектепке дейінгі балалар ұйымдарында күнделікті таңертең сүзгі жүргізіліп, ЖРВИ және тұмау белгілері бар балалар шеттетіледі.

Орта білім беру ұйымдарында бір инкубациялық кезең ішінде сынып санынан бір сыныпта 20-дан 30%-ға дейінгі оқушылардың ЖРВИ ауруы жағдайлары тіркелсе, жалпы білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесінен бас тарту көзделген. Мұндай жағдайда күнтізбелік он күн ішінде сыныптарға жаңа балаларды қабылдауға тыйым салу ұсынылады.

Бір инкубациялық кезең ішінде науқастардың жалпы саны 30%-дан асып және одан көп ЖРВИ ауруы тіркелген жағдайда оқушыларды онлайн оқытуға ауыстыру жүзеге асырылады.

Сондай-ақ оқыңыз