Чип өндіретін Arm IPO-ға шығаратын бір акциясының құнын 51 доллар деп бекітті – WSJ

Жарияланды

Фото: shutterstock.com

Жапондық SoftBank тобына тиесілі британдық чип өндіретін Arm Holdings өзінің бағалы қағаздарын IPO бөлігі ретінде акциясы үшін $51 бағамен ұсынады. Бұл туралы The Wall Street Journal өз ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Америкалық депозитар акциялардың бағасы сәрсенбіде андеррайтерлер мен Arm менеджменті арасындағы кездесулерден кейін келісілді. Бастапқыда компания бір акция үшін бағаны 52 доллар деңгейінде белгілегісі келгенімен, бірақ кейін $51 деген шешімге келген

Ұсынылған бағаға сүйене отырып, компанияның бастапқы ұсыныстағы бағасы 54,5 миллиард долларды құрайды. Тамыз айында SoftBank британдық чип өндірушідегі Vision Fund үлесін 64 миллиард долларға сатып алғаны хабарланды.

Arm бағалы қағаздарының саудасы Nasdaq биржасында бейсенбі өтеді деп жоспарланған. ADS «ARM» тикерімен саудаланады.

Bloomberg. басылымының жазуынша, Arm Holdings-тің акцияларына сұраныс ұсыныстан 10 есе асып түскен. Бұл IPO-дан компания 4,7 миллиард доллар жинайды деп күтілуде, оның нарықтық капитализациясында 50,25-54,5 млрд доллар болады. 

Бұған дейін Freedom Вroker клиенттеріне IPO күні алдын ала нарықта Arm сатып алуға мүмкіндік туғанын жазғанбыз. Freedom Holding Corp тобы клиенттерге NASDAQ ашылғанға дейін 2-3 сағат бұрын IPO күні алдын ала сауда сессиясында ARM қағаздарын сатып алу мүмкіндігін ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыз