Fitch Ratings агенттігі осы жылғы жаһандық ЖІӨ болжамын 2,5 пайызға көтерді

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі биылғы жаһандық ЖІӨ болжамын өзгертті.

Агенттік маусымда жаһандық ЖІӨ 2,4% деңгейінде болады деп болжаса, осы жолы бұл көрсеткішті 2,5%-ға дейін көтерді.

«Fitch 2023 жылғы жаһандық өсу болжамын 0,1 пайыздық тармаққа яғни 2,5 пайызға дейін қайта қарады. АҚШ, Жапония және Қытайды қоспағанда, дамушы нарықтарда биыл біз күтпеген тұрақтылық байқалды», – делінген жаһандық экономикалық болжам жөніндегі баяндамада.

Бұл орайда АҚШ экономикасына қатысты болжамдар да жақсарған. Маусымда бұл ел экономикасы 1,2%-ға артатыны айтылған, қазір бұл болжам деңгейі 2%-ға дейін көтеріліп отыр. Дәл солайша Жапонияның ЖІӨ де 2023 жылы 2%-ға артады деп болжанып отыр, оның алдында агенттік бұл ел экономикасы 1,3% өсім көрсетеді деп болжаған. Қытайды қоспағанда, дамушы нарықтардың ЖІӨ өсімін бағалау 2,9%-дан 3,4%-ға дейін жақсартылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Fitch ratings  агенттігі 2023 жылы әлемдік ЖІӨ-нің өсу болжамын 2,4%-ға дейін көтерді. Наурыздағы болжам 2% болған.

Ал 2024 жылға арналған жаһандық ЖІӨ өсімінің болжамын 2,4%-дан 2,1%-ға дейін төмендеткен болатын.

Сондай-ақ оқыңыз