Жаңалықтар

«Қазақтелеком» өз акциялары құнының төмен болуын әділетсіздік деп санайды

фото: kursiv
Фото: «Қазақтелеком»

«Қазақтелеком» телеком-операторы нарықтағы өз акцияларының бағалануына қатысты уәж айтты. «Қазақтелеком» акцияларының нарықтағы «мардымсыз» құны – компанияның  «дәрежесіне» мүлдем сай емес. Бұл туралы бас қаржы директор Людмила Атамұратова мәлімдеді.

Қазақстан қор биржасында (KASE) эмитент болған күні Атамұратоваға сауал қойылды. Директордан акциялардың бағасы өзінің нақты құнына қаншалықты сәйкес келетінін түсіндіру сұралды. Конференцияға қатысушылардың бірі «Қазақтелекомның» KASE-дегі бағалы қағаздарына зер салғанын айтып, құнының орнықсыз екендігін, тамыз-қыркүйек айларының аяғында құбылмалы күйге түскенін жеткізді.

Нақтырақ айтсақ, 28 тамыздағы 33,3 мың теңге дәлдігі 6 қыркүйекке қарай 32,2 мың теңге деңгейіне дейін төмендеп, ал 7 қыркүйек күні бұрынғы мәніне қайта оралды. 2023 жылдың қаңтарында «Қазақтелеком» акциясының құны 29,1 мың теңге болды. Компанияның қаржы директоры акциялардың нарықтық құнына қатысты уәж айтып, оны бағалаудың аса әділетсіз екендігіне қынжылды.

«Біздің компания үшін де бұл үлкен мәселе. Тіпті, байланыс операторларына иелік етсек те, акцияларымыздың нарықтың құны мүлдем компанияның негізгі құнына сай келмейтініне көз жетті. Әлбетте, акциялар құнындағы оң динамика біздің қаржылық нәтижелерімізді жақсы жағынан көрсетеді деп сенгім келеді. Олардың барлығының оң әсері бар әрі ауқым да жаман емес. Ал нарық дегеніміз баға өскен сайын құбыла түседі. Акцияларға дивидендтер жайлы жаңалықтар мен белгілі бір дивидендтік күтулер әсер ететіні де бар», – дейді Атамұратова.

Сарапшылардың өзі «Қазақтелеком» акцияларының дұрыс бағаланбауына қатысты кілтипанды анық байқағандай. Мысалы, сарапшылар компания акцияларының құны, шамамен, 36-40 мың теңгені болатынын айтып, оларды сатып алуға кеңес береді. Атамұратованың пікірінше, акциялардың аз мөлшерде болса да, еркін айналымда болуы оның бағасына теріс әсер етеді.

«Осыған байланысты біздің қағаздың өтімділігі өте төмен. Орналастырылған жай акциялар санының 1%-дан да азы еркін айналымда болады. Бұл дегенің көлем жағынан өте аз деген сөз. Акциялардың құны нақты құнға сәйкес ұлғайғанын қалаймын», – деп атап өтті Атамұратова.

Freedom broker сарапшылары 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы «Қазақтелеком» есебін бейтараптыққа балады. Оған себеп – Kcell-ге қатысты әлсіз нәтиже әсерінен маржаның төмендеуі болды. Десе де, сарапшылар былтырғы құлдыраудың шамалы ғана болғандығын, ал табыстың жылдық өсу межесіне жеткенін айтады.  

«Бағалау моделіндегі капиталдың құнын айтарлықтай төмендеттік, бірақ маржаны сол деңгейде сақтадық, өйткені болжамды көрсеткіштер нақты көрсеткіштерден сәл төмен болды. Нәтижесінде «Қазақтелекомдағы» бір акцияның мақсатты бағасын нақты бағадан өсу әлеуетімен 29%-ға, 43,5 мың теңгеге, дейін арттырамыз. Ұсыныс – «Сатып алу», – делінген Freedom Broker хабарламасында.

«Қазақтелеком» акцияларының сплиті

Сондай-ақ, Людмила Атамұратова «Қазақтелеком» компаниясының нарықтық құнын арттыру үшін акцияларды бөлу (бөлшектеу) мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлады. Ол топта артықшылықққа ие акционерлерінің саны көп екенін және қарапайым акциялар бөлінген жағдайда артықшылыққа ие акцияларды да бөлу қажет болатынын айтты.

«Иә, «Қазақтелекомдағы» қарапайым және артықшылыққа ие акциялардың бар екендігін ескере отырып бар мәселені талқылап жатырмыз. Мәселе міндетті түрде уәкілетті орган тарапынан қарастырылады. Біз оң және теріс тұстарын талдаймыз. Осы мәселе бойынша шешім қабылдау үшін жалпы жиналыста заңмен белгіленген дауыс көлемін жинау қажет», – деп түйіндеді Людмила Атамұратова.

Акциялардың бөлу – оларды акционерлерге қол жетімді ету мақсатымен жүзеге асады.  Бағалы қағаздар бөлшектеуге жүскен жағдайда олардың құны төмендейді.

Дивидендтер төлеу туралы шешім қашан қабылданады?

Людмила Атамұратова 2022 жылға арналған дивидендтерді төлеу мәселесіне де тоқталды. Сәуір айында акционерлердің жалпы жиналысында дивидендтердің мөлшері (акция үшін 3038 теңге) туралы шешім қабылданды, өйткені «Самұрық-Қазына» («Қазақтелекомның» бақылаушы акционері) төлемге қарсы дауыс берді. Осыған байланысты шешім 2023 жылдың екінші жартыжылдығына ауыстырылды.

«Акционерлер бекітетін саясатқа сәйкес, компания акциялары бойынша дивидендтер пайда бойынша қарастырылады. 16%-ға өскен таза пайда көрсеткіштері және қарыз қаржылық тұрақтылық коэффициенті бойынша есептеледі. Шешім 19 қыркүйекте акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады», – деді директор.

Топтастырылған есептің деректеріне назар аударсақ, компаниялар тобының кірісі 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 10%-ға ұлғайып, 330 млрд теңгеден асқан (2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 301 млрд теңге). Таза пайда 16%-ға артып, 58,5 млрд теңге болған (2022 жылдың ұқсас кезеңінде 50,5 млрд теңге болған).

«Самұрық-Қазына» дивидендтерін төлеу жөніндегі шешімдерді бұғаттау себептерінің бірі 5G радиожиілік компаниялары тобының (РЖС) сатып алуына аукцион өткізу және бірінші жартыжылдыққа арналған қаржылық есепті күту болды. Аукцион қорытындысы бойынша республикалық бюджетке жіберілген жалпы сома 156 млрд теңгені құрады. «Қолжетімді интернет» бағдарламасы бойынша бес жылға РЖС құнынан басқа, Kcell мобильді операторлары мен «Мобайл-Телеком сервис» (ALTEL және Tele2 брендтері) үшін 300 млрд теңгеге жуық инвестиция қарастырылған.

Осы аптада KASE-дегі акциялардың күндізгі сауда-саттығында жоғары қарқын байқалды. Олардың көлемі 11 қыркүйекте 32,8 млрд теңге (70 млн доллардан астам) болды, көрсеткіш өткен жылдағы сауда-саттық көлемінен, 81,2 млн-нан, сәл аз.

Миноритарлық акционерлер қауымдастығы (QAMS) акцияларға қатысты мәмілелер 11 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 16:27-де өткенін және бір акция үшін 33 370 теңге бағамен үш транштан тұрғанын хабарлады. «Қазақтелекомның» 980 мыңнан астам акциясы (айналыстағы акциялар санының 9,15%) бір шоттан екіншісіне өтті. 13 қыркүйекте телеком-оператордың 9% (983 мың) акциясын Jusan Bank-тің сатып алғаны белгілі болды.

Бір ай бұрын кәсіпкер Ғалымжан Есенов банктегі үлесін 100%-ға дейін ұлғайтты. Сол кезде қаржы ұйымының бас компаниясы, Британдық Jusan Technologies, Есеновке «Қазақтелекомның» 9%-ға жуық акциясын және Kcell-дің 15%-ға жуық акциясын берді (бұрын ұялы байланыс операторының 14,87% – дық пакетін Pioneer Technologies S. A. R. L. иеленген). Бұл ретте, сол сәтте де, қазір де Jusan Technologies сайтында қажетті ақпарат, яғни, портфельде «Қазақтелеком» акцияларының болғандығы көрсетілмеген. Тек қана 51% «Қазақтелекомға» тиесілі болған Kcell-дің, 9,08% – Jusan Bank-тің, 14,87% – Ғалымжан Есеновтің, 7,06% – БЖЗҚ-ның бағалы қағаздары бар.

13 қыркүйек күні, «Қазақтелеком» меншік құрылымының өзгергені туралы хабарлады. «Самұрық-Қазына» Ұлттық холдингі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінен «Қазақтелеком» акцияларының 28,2%-ын алды. Компанияның The Bank of New York Mellon номиналды иелігіндегі бағалы қағаздарының бір бөлігі (бұрын қаржы ұйымында 9,6% болған) Jusan Bank-ке өтті. Енді » Самұрық-Қазынаға «Қазақтелеком» акцияларының үштен екісі тиесілі, ал АҚШ банкінің қолында 5%-дан аз құнды қағаз қалды. Корпоративтік даму қоры 3,4% акцияға ие, ал қалған 7,8% басқа миноритарийлерге тиесілі.