Самұрық-Қазына «Қазақтелеком» мен «Қазгеология» компанияларының акцияларына иелік ете бастады

Жарияланды
Фото: kursiv.media

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ «Қазақтелеком» АҚ акцияларының 79,24% және «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ 100% акциясына иелік ете бастады, деп хабарлайды Kase.

«Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ KASE-ге 2023 жылдың 12 қыркүйегінен бастап «Қазақтелеком» АҚ акцияларының 79,24%-ын және «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ 100% үлесіне иелік ете бастағанын хабарлады», делінген ақпаратта.

Самұрық-қазынаның Эмитент акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленген (иелігі тоқтаған) ұйымдарының тізіміне енді «Қазақтелеком» мен «Қазгеология» Ұлттық геололгиялық барлау компаниясы кірген.

Сондай-ақ оқыңыз