Bank of America теңгеге сенім білдіріп, ұзақ позицияда ұстайтынын мәлімдеді

Жарияланды
Фото: openiazoch.zoznam.sk

Bank of America ҚР ұлттық валютасы теңгені сатып алуда өз ұзақ-позициядан танбайтынын, қаржылық саясатын табанды түрде жалғастыратынын мәлімдеді. Бұл тцралы Қазақстан қор биржасының шолуында айтылған.

Дегенмен Ұлттық банктегі құрылымның өзгеруі валюталық саясатқа салқынын тигізіп, айтарлықтай ұғынықсыз жағдай тудырып отырғаны айтылды. Мұндай құбылмалы саясатқа қарамастан Bank of America теңгенің нығаятынына сенімді. Банк теңгеге төніп тұрған қандай да бір қауіп жоқ деп есептейді.

Олар BofA-ның теңгеге қатысты ұзақ мерзімді стратегиясын кірістің жоғары болуымен, рубльдің тұрақтылығымен және мұнай бағасының артуымен ұштастырып, ұлттық экономиканың табысында сүйенеді.

Сонымен қатар, Bank of America тарапы Орталық банктің 6 қазанда өтетін келесі отырысынан көп өзгерістер күтеді. Атап айтқанда, банк 25-50 базалық мөлшерлемесін 16%-16,25% базистік тармаққа дейін төмендетеді деп күтеді.

Бүгін таңғы баған бойынша доллар бағамы 466,4 теңге болды, ал рубль бір доллар үшін 96,7-ге дейін төмендеді.

Ескертеміз, Ұлттық банк соңғы рет базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде бекітті.

Жыл басынан бері базалық мөлшерлемені төмендеткен елдер арасында Қазақстан 19-шы орында тұр.

Сондай-ақ оқыңыз