Экология министрлігі қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін 15%-дан 30%-ға дейін арттырмақ

Жарияланды
Фото: kursiv.media

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі өңірлерде экологиялық проблемаларды кешенді шешу бойынша 2020 жылы әзірленген Жол карталарын өзектендірді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

«2020 жылы жұртшылық көтеретін проблемалық мәселелерді ескере отырып, Министрлік 16 Жол картасын әзірледі, онда 485 іс-шара көзделген. Оның бүгінгі күні 162 іс-шарасы немесе 33% орындалды», делінген хабарламада.

Жол картасы аясында Ақмола облысы, Арқалы ауданында жел электр станциясы іске қосылып, Түркістан облысында «Түркістан жылу» МКК қазандығы табиғи газға ауыстырылған. Ал Арал қаласында қуаттылығы жылына 37,8 мың тонна болатын жаңа ҚТҚ салынып, Маңғыстау облысында 2025 жылдың соңына дейін іске асыру мерзімімен «Қошқар-ата» тарихи ластануын жою басталған. Атырау облысында «тухлая балка» булану өрісін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, Атырау облысындағы Жайық өзенінің арнасын, оның арналары мен салалары браконьерлік балық аулау торларынан тазартылған.

«Астана және Алматы қалаларында кедергі келтіретін тұрақ аймақтарын құра отырып, қоғамдық көлікке көшу бойынша халықты ынталандыру тетігі әзірленді. 2023 жылы Министрліктің өңірлерге жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Жол карталары өзектендіріліп, жаңа іс-шаралармен толықтырылды. Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында жаңа Жол карталары келісу сатысында», делінген хабарламада.

Жоспарланған іс-шаралар елдің экологиялық қауіпсіздігі үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік бермек. Бұл 2025 жылға қарай атмосфералық ауаның сапасын жақсартуға, 7 жаңа өрім салуға және 12 ескі өрімді қайта құру мен жаңғыртуға, 24 жаңа ҚТҚ полигонын салуға, тарихи ластанған жерлерді қалпына келтіруге және жоюға және қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін 15%-дан 30%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз