Тоқаев Құлыбаев басқаратын Ұлттық Олимпиада комитетін 30 жылдығымен құттықтады

Жарияланды (жаңартылды )
Тоқаев
Фото: Акорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабаралды.

Баршаңызды Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің құрылғанына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – елімізде ерекше орны бар ұйым.

Сіздер олимпиада құндылықтарын дәріптеп, өскелең ұрпақты спортқа баулуға және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосып келесіздер. Соның нәтижесінде өрендеріміз талай байрақты бәсекеде табысты өнер көрсетіп жүр. Олар Олимпиада ойындарынан, әлем біріншіліктерінен және Азия чемпионаттарынан ел қоржынына жүздеген жүлде салды. Саңлақтарымыздың есімі әлемдік спорт жылнамасына алтын әріппен жазылды.

Еліміз қысқы Азия ойындарын, Бүкіләлемдік универсиаданы, әлем және құрлық чемпионаттарын жоғары деңгейде өткізіп, жаһан жұртшылығының лайықты бағасын алды.

Мемлекет олимпиада қозғалысын дамытуға әрдайым баса назар аударады. Біз Халықаралық олимпиада комитетімен және басқа да беделді ұйымдармен ықпалдастықты нығайта береміз.

Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, абыройымыз асқақтай берсін!

Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!«,-деді Президент.

Сондай-ақ оқыңыз