Қазақстанда тіркелген көлік саны 5 млннан асты

Жарияланды
Фото: kursiv.media

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 015,2 мың бірлікті құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросын хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, оның ішінде 87,9% жеңіл автомобильдер, 10% жүк автомобильдері және 2,1% – автобус.

Өткен жылғы 1 тамыздағы жағдаймен салыстырғанда көлік саны 15% өскен.

«Сонымен қатар тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санының ең үлкен үлесі, яғни 45,1%-ның қозғалтқыш көлемі 1500-ден 2000 текше см. дейінгі жеңіл автомобильдер, қозғалтқыш көлемі 1500 текше см. дейінгі көлік үлесі – 18,1%, қозғалтқыш көлемі 2000-нан 2500-ге текше см. дейін – 17,3%, қозғалтқыш көлемі 2500-ден 4000 текше см. дейін – 15,1%, 4000 текше см. жоғары – 1,9%» делінген хабарламада.

Шағынлитрлі яғни 1500-2000 текше см.-ге дейінгі жеңіл автомобильдердің ең көбі Алматы облысында – 223 мың бірлік, Алматы қаласында – 200,7 мың бірлік, Астана қаласында – 153,7 мың бірлік, Қарағанды облысында-151 мың бірлік және Шығыс Қазақстан облысында – 137,4 мың бірлік.

Жүк автомобильдерінің ішінде қомақты үлес қозғалтқыш көлемі 4000 текше см. жоғары жүк көліктеріне тиесілі (тіркелген жүк автомобильдерінің жалпы санының 72%).

Сондай-ақ оқыңыз