Қытай АҚШ-тың екі қару-жарақ компаниясына қарсы санкция салмақ
Жарияланды
Қытай билігі Сент-Луистегі Lockheed Martin филиалы мен Тайваньға қару-жарақ жеткізетін Northrop Grumman компаниясына қарсы санкциялар енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ҚХР СІМ ресми өкілі Мао Нин мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
«24 тамызда америкалық Lockheed Martin компаниясының Миссури штатындағы Сент-Луис филиалы бас мердігер ретінде Тайваньға америкалық қару-жарақты тікелей жеткізуіп жатыр, ал Northrop Grumman Тайваньға қару-жарақ жеткізуге бірнеше рет қатысты. < > Қытай жоғарыда аталған екі америкалық әскери-өнеркәсіптік компанияға санкциялар салуға шешім қабылдады», – деді Мао Нин.
Қытай үкіметінің ұлттық егемендік пен аумақтық тұтастықты қорғауға деген шешімі мызғымас, дейді ол.