«Тайға таңба басқандай»: жемқорлар тізімі жалпыға қолжетімді болады

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Жемқорлар тізімі жалпыға қолжетімді болады, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлардың жария тізілімін енгізуді жоспарлап отыр. Онда жемқорлық үшін сотталған адамдар жайлы деректер қамтылады.

Осылайша жұмыс берушілерге әлеуетті үміткерді тазалық пен адалдыққа тексеруге мүмкіндік берілмек.

Жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіруге бағытталған бұл бастамалар Шығыс Қазақстан облысындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің отырысында айтылған.

Осы орайда жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту де ұсынылған. Оған қоса парламентте пара беру уәдесі мен ұсынысын криминализациялау мәселесі де қаралып жатыр.

«Пара беру ұсынысы деп ауызша немесе жазбаша, оның ішінде электрондық нысанда пара беру туралы анық және түсінікті сөз, ал пара беру уәдесі деп пара беру уақыты, орны, тәсілі туралы хабарламасы бар сөз түсінілетін болады», деп хабарлайды агенттік.

Заңдарға енгізілген бұл өзгерістер ГРЕКО, ЭЫДҰ сияқты беделді халықаралық ұйымдардың ұсынысы бойынша дайындалған және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне елеулі үлес қосады деп ктүтілуде.

Сондай-ақ оқыңыз