Тұрғындардың 650 млн теңгесін заңсыз иеленген екі құрылыс компаниясының құрылтайшылары қамауға алынды
Жарияланды
Атырау облысында құрылыс салушылардың заңсыз қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Атырау облыстық прокуратурасы.
«Атырау облысында «Nazik group» ЖШС және «Андорра Констракшн» ЖШС құрылтайшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, олар тұрғын үйдің үлестік құрылысына 650 млн теңге салған 30-дан астам азаматтың қаражатын заңсыз иемденді деп күдіктелуде», делінген хабарламада.
Күдіктілердің әрекеттерінің нәтижесінде үлескерлер 2 жыл бойына баспана алмаған. Аталған серіктестіктердің құрылтайшылары соттың санкциясымен қамауға алынған.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.