Ұлттық банк төлем корпорациясы құрылғанын хабарлады
Ұлттық банктің төлем корпорациясы құрылды
Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК (ҚБЕО) қайта құру жолымен Ұлттық төлем корпорациясы құрылғанын хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, ұлттық банктің ережесі мен құрылымында, ҚҰБ еншілес ұйымдарында өзгерістер болған.
ҚҰБ Директорлар Кеңесінің қаулымен бекітілген өзгерістер ұлттық төлем жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етпек.
Ұлттық төлем корпорациясы нарықтың барлық қатысушысы үшін тең қолжетімділік қағидаты бойынша ұлттық төлем жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз етеді, – деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.
Орайы келгенде айта кетейік, Ұлттық банк Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығының заңды мұрагері саналады. Қазіргі уақытта төлем нарығына қатысушылар үшін сервистердің қолжетімділігін қамтамасыз етуді, банкаралық клиринг, банкаралық төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу бойынша қызмет көрсетуді жалғастыруда. Сонымен қатар, қашықтан цифрлық сәйкестендіруді жүзеге асырып отыр.
«Цифрлық теңге», Open Banking жобаларын іске асыру міндеттемелері де ҰПК функцияларымен байланысты.
Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығын корпорация негізінде құрудың қаржылық тұрғыдан алғанда бірқатар тиісті тұстары бар. Мәселен, Ұлттық төлем корпорациясы елдегі төлем инфрақұрылымының тиімділігін, қауіпсіздігі мен тұрақтылығын одан әрі арттырады, сондай-ақ инновациялық өнімдерді енгізіп, қаржы секторын цифрландыру қарқынын жеделдетеді.