Венгрия мен Словакия Украинадан астық импорттауға тыйым салмақ

Жарияланды

Венгрия мен Словакия билігі Польшадан кейін украин астығын және басқа да ауылшаруашылық өнімдерін импорттауға тыйым салу туралы жариялады, деп хабарлайды Bloomberg.

«Премьер – министр Виктор Орбан Украинадан шарап, сиыр еті, жүгері, күнбағыс тұқымы мен арпа сияқты 24 өнімді импорттауға тыйым салатын жарлыққа қол қойды», – деп хабарлайды агенттік.

Бұған дейін қолданылған шектеулер тек төрт өнімге қатысты екендігі атап өтілді. Бұл ретте, егер олар Венгрия аумағында 15 күннен аз болса, үшінші елдерге транзитпен жіберілетін өнімдерге тыйым салынбайды.

Словакия да украин астығын 2023 жылдың соңына дейін импорттауға тыйым салады, делінген Bloomberg хабарламасында.

Сондай-ақ оқыңыз