Елімізде 8 ай ішінде 10 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Жарияланды

Мемлекет басшысының тапсырмаларын және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында елімізде 8 ай ішінде шамамен 10 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға артық және 15,3 млн шаршы метрді құрайтын жылдық жоспардың 65%-ы.  Бұл туралы Үкімет баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы республика бойынша 86 616 тұрғын үй салынды, оның 22 368-і – жеке тұрғын үй. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция есепті кезеңде 1,7 трлн теңгені құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 1,5%-ға жоғары.

Жаңа тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі барлық өңірлерде өсті: Ұлытау облысы – 156,7%, Абай облысы – 128%, Алматы облысы – 103,5%, Жетісу облысы – 106,8%, Павлодар облысы – 115,8%, Ақмола облысы – 103,2%, Түркістан облысы – 108,1%, Шығыс Қазақстан облысы – 107,2%, Қостанай облысы – 103,6%, Солтүстік Қазақстан облысы – 105,1%, Қызылорда облысы – 119,8%, Ақтөбе облысы – 102,2%, Жамбыл облысы – 101,2%, Батыс Қазақстан облысы – 100,2%, Шымкент қаласы – 119,4%, Алматы – 122,5%, Астана – 139,5%. Неғұрлым қалыпты көрсеткіш Қарағанды (99%), Маңғыстау (96,3%) және Атырау (73,3%) облыстарында байқалады.

Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде барлық қаржыландыру көздері есебінен 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

2023 ж. – 15,3 млн шаршы метр

2024 ж. – 15,5 млн шаршы метр

2025 ж. – 15,7 млн шаршы метр

2026 ж. – 15,9 млн шаршы метр

2027 ж. – 16,1 млн шаршы метр

2028 ж. – 16,3 млн шаршы метр

2029 ж. – 16,5 млн шаршы метр

Сондай-ақ оқыңыз