Мұнаймен бірге доллар да қымбаттап, теңге бағамы төмендеп барады
Теңге бағамы аптаны әлсіреумен бастады. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтар АҚШ долларына қатысты теңгенің орташа сараланған бағамы жұмамен салыстырғанда дүйсенбі күүні 2,02 теңгеге әлсіреді және $1 үшін 469,31 теңгені құрады, деп хабарлады KASE.
Жұма күні 1 доллар үшін 467,29 теңгені құраған еді.
Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де теңгенің АҚШ долларына қатысты орташа сараланған бағамы 469,78/1 1 құрады. Минималды курс 473,06/$1, максимум 473,06/$1, жабылу курсы 468,30/$1 болды.
KASE мәліметтері бойынша, дүйсенбідегі «өтпелі» сессияның қорытындысы бойынша АҚШ доллары бойынша сауда-саттық көлемі жұмада 136,198 млн доллар болса, дүйсенбі күні 1 148,471 млн долларды құрады. Мәмілелер саны – 448.
Сарапшылардың дерегінше, Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 95 долларға жақындағанына қарамастан, USD/KZT осы жылдың наурыз айынан бері алғаш рет 470 теңге белгісін еңсерді
«Финам» стратегиясы жөніндегі директор Ярослав Кабаковтың пікірінше, теңге долларға қатысты әлсіреуін жалғастыруда және жақын арада қазақстандық валютаның нығаюын күтуге болмайды.
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының жетекші талдаушысы Зарина Скрипченко ұлттық валюта бағамы өсе беретінін атап өтті.
«Ұлттық валютаға ішкі факторлар әсер етуі мүмкін, өйткені сыртқы фон жеткілікті қолайлы болып қала береді: мұнай бағамдары 0,4% қосады, доллар индексі шамалы төмендеуді көрсетеді, Ресей рублінің қалыпты нығаюы байқалады. Тиісінше, жергілікті валюта нарығындағы теңгерімсіздік квазимемлекеттік сектордың валюталық түсімін міндетті сатуды тоқтата тұруына байланысты ұсыныстың қысқаруына, импорттық келісімшарттар бойынша төлеуге, сыртқы борышты өтеуге, бейрезиденттердің МБҚ – дан шығуына және т. б. байланысты өсіп келе жатқан сұраныс аясында БЖЗҚ және ҚДКБҚ активтерін толықтыру үшін шетелдік валютаны сатып алуға байланысты болуы мүмкін», – деп түсіндірді «Интерфакс» агенттігіне- Қазақстан » талдаушы.
18 қыркүйектегі ресми бағам 1 доллар үшін 467,29 теңгені құраған еді. 19 қыркүйек үшін ресми бағам 469,31 теңге.
Brend маркалы мұнайдың қараша айындағы фьючерстері барреліне 94.52 доллардан сатылып жатыр.
Айта кету керек, 25 тамыз күні Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16.75%-дан 16,5%-ға дейін төмендеткен болатын.
Танымал экономист Эльдар Шамсутдинов теңгенің құбылуын екі фактормен байланыстырғанын жазған едік.
«Бұл Ұлттық банк басшысының ауысуы мен мөлшерлеменің төмендеуін күту бойынша кішігірім «сілкініс». Егер инфляция әлі бәсеңдемеген кезде базалық мөлшерлеме күрт төмендетілсе, онда валютамыз құнсызданады», – дейді маман.