Құпиялылық алынды: тарихшылар 2,4 миллионнан астам мұрағат карточкаларының құпиясын аша алады
Жарияланды
Бас прокуратура мұрағатта жатқан 2,4 млн карточканы құпиясыздандырды. Бұл жайлы прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссиямымен 1929-1956 жылдар аралығындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2,4 миллионнан астам мұрағат карточкалары құпиясыздандырылды», делінген хабарламада.
Оның ішінде 251 мың арнайы қоныс аударылғандардың ісі Президент Мұрағатына өткізілген. Кейіннен олар мүдделі тұлғалар үшін қолжетімді болады. 265 мың іс жыл соңына дейін өткізіледі деп жоспарланып отыр.
Жалпы 311 мың адам мәжбүрлі қоныс аударылған және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар қатарында.