Қазақстанда әкімдіктер үшін 2023 жылға арналған қарыздың жаңа лимиті белгіленді, деп хабарлайды КазТАГ.
«Жергілікті атқарушы органдардың 2023 жылға арналған берешек лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы №129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31166 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген жергілікті атқарушы органдардың 2023 жылға арналған берешек лимиттері осы бұйрық қосымшасына сәйкес өзгертілсін», делінген Үкімет қаулысында.
Құжатта 2023 жылға арналған жергілікті атқарушы органдар үшін берешек лимиттері белгіленген. Атап айтқанда, Абай облысына – 79 628 293,8 теңге, Ақмола облысына – 132 553 104 теңге, Ақтөбе облысына – 122 567 176,4 теңге, Алматы облысына – 140 780 319,7 теңге, Атырау облысына – 93 030 217,6 теңге, Батыс Қазақстан облысына – 106 749 507 теңге, Жамбыл облысына – 179 928 975,6 теңге, Жетісу облысына – 94 362 202,8 теңге, Қарағанды облысына – 158 681 280,3 теңге, Қостанай облысына – 128 118 517,2 теңге, Қызылорда облысына – 133 518 990,6 теңге, Маңғыстау облысына – 100 852 689 теңге, Павлодар облысына – 103 456 476,9 теңге, Солтүстік Қазақстан облысына – 103 062 888,4 теңге, Түркістан облысына – 274 417 913,8 теңге, Ұлытау облысына – 31 235 892,8 теңге, Шығыс Қазақстан облысына – 111 464 373,4 теңге, Алматы қаласына – 207 707 484,7 теңге, Астана қаласына – 196 432 008,4 теңге, Шымкент қаласына – 119 266 435,5 теңге көлемінде қарыз лимиті бекітілген.