ФРЖ отырысы қарсаңында қор нарығының өсімі әлсіз болды
АҚШ қор индекстері дейсенбі күнгі сауда-саттықты сәл-пәл ғана жоғарылады. Инвесторлар Федералды резерв жүйесінің қыркүйектегі отырысы нәтижесін күтіп отыр.
Федералды резерв жүйесінің негізгі пайыздық мөлшерлеме туралы шешімі 20 қыркүйекте белгілі болады. Уолл-стрит сарапшылары ФРЖ базалық мөлшерлемені жылдық 5,25-5,5% деңгейінде өзгеріссіз қалдыратынына сенімді.
Сонымен қатар, биыл жыл соңына дейін мөлшерлеменің 25 базистік тармаққа көтерілу мүмкіндігін трейдерлер CME FedWatch мәліметтеріне сүйене отырып 40% деп пайымдайды.
Brean Capital сарапшысы Скотт Бухта ФРЖ мөлшерлемені өзгертуі екіталай, бірақ макроэкономикалық болжамдардағы кез келген өзгеріс нарыққа әсер етуі мүмкін деп жазды.
«Енді ФРЖ шенеуніктері мөлшерлемені көтеру циклінің соңына жеткен не жақындағандықтан, олар келесі бір-екі жылға нарықтық болжамдарды белгілеуге тырысады», – деп қосты ол.
Америкалық автоөндірушілер General Motors пен Ford Motor акциялары тиісінше 1,8% және 2,1% арзандады. GM пен Ford сәйкесінше 600 және 2000 қызметкерді қысқартуды жоспарлап отыр. Екі компания да қысқарту қазір ереуілге шығып жатқан бөлімшелерге әсер етпейтінін мәлімдеді.
Cisco Systems Inc акцияларының бағасы 0,2%-ға өсті. АҚШ-тың желі жабдыңын өндіруші компаниясы келесі айда жұмыс орындарын қысқартудың кезекті раундының бір бөлігі ретінде 350 қызметкерін қысқартады, деп хабарлайды MarketWatch.
William Blair мен SVB MoffettNathanso сарапшылары акциялар бойынша ұсыныстарын төмендеткеннен кейін Dropbox Inc. пен PayPal Holdings акциядары сәйкесінше 1,4% және 2% төмендеді.
Чип өндіруші ARM Holdings капиталдандыруы өткен аптадағы сәтті IPO-дан кейін 4,5%-ға төмендеді.
Dow Jones Industrial Average 0,02%-ға өсіп, 34 624,3 тармақты құрады. Индекс құрамында Apple Inc пен Visa Inc акциядары көш бастап, сәйкесінше 1,7% және 1,5% өсті.
Standard & Poor’s 500 индексі 0,07%-ға өсіп, 4 453,53 тармақты құрады.
Nasdaq Composite 0,01% өсіп, 13 710,24 болды.
Дүйсенбі күні KASE индексінің мәні 0,79%-ға өсіп, 3 967,45 тармақты құрады. Индекс тізімдегі акциялардың ішіндегі ең көп мәміле «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акцияларымен жасалды – 1 530. Мәмілелердің басым бөлігі «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ акцияларына түсті – 528,5 миллион теңге.«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы (+4,96%), «Kaspi.kz» АҚ (+0,53%) және «Kcell» АҚ (+0,05%) акциядары өсті.