IPO нарығындағы сауда қызған шақта Instacart акциялары 30 долларға бағаланды
фото: bloomberg.com
IPO нарығындағы сауда қызып, Instacart өзінің акцияларын сейсенбі таңында 30 долларға бағалады. Өйткені АҚШ-тың онлайн азық-түлік жеткізу компаниясы техникалық мүмкіндіктердің дамуы есебінен өз қызметін жандандыруды көздеп отыр.
Instacart жеткізу компаниясы екінші тынысының ашылуына Arm-Чип өндірушісіның блокбастерлік дебютінен кейінгі жаңа ұсыныстар себеп болған.
Өткен аптадағы Instacart-тің инвесторларға ұсынған акция бағасы 28 доллардан 30 долларға дейінгі шекке жетті. Сан-Францискода орналасқан құрылымдағы әлеует 8,3 миллиард долларға бағаланды. Ал өзіне тән толық акциялары 10,2 миллиард долларға тең болады деп танылды.
Instacart өз акцияларын өсіруде техногенді үрдістердің «жалына жармасып» отыр. Дәйектей айтар болсақ, Instacart өткен аптадағы NASDAQ биржасында ерекше көзге түсті. Британдық Arm-Чип әзірлеушісінің сәтті саудасынан кейін өзінің бастапқы ауқымын, шамамен, 7%-ға арттырды, акциялары 25%-ға өсті. IPO кезінде 51 долларға бағаланған Arm акциялары дүйсенбі күні 58 доллармен түйінделді.
Arm чип өндірушінің 2 жылдағы сондық табысты IPO-cы көптеген кәсіпкерлік құрылымдарға жан бітіріп, 5 млрд-қа жуық қаржы жинады. Нәтижесінде, жаңа технологиялардың қымбат бағасы тоқыратқан, экономикалық құлдырау себебімен буыны бекімей қалған стартаптар қайта жанданды.
Дегенмен, Instacart-тің нарықтық құны 2021 жылғы айшықты табыстың төрттен біріне ғана тең келеді. Себебі, оның қаржылық әлеуеті 2021 жылы, инвесторлар компания акциясын 265 миллион долларға бағалап, орасан зор қаржыға сатып алған кезде шарықтаған-тұғын.
Нәтижесінде, орналастырылған IPO акцияларының 8%-ы, шамамен, 6 660 қаржының құйылуына жол ашады. Instacart-тың кейбір ірі демеушілері: Sequoia Capital, Norges Bank, TCV, Valiant Capital және D1 capital, Сornerstone инвесторлар ретінде IPO бағасы бойынша 400 миллион долларлық акцияларды сатып алды.
Бөлшек сауда мен сатып алушылар төлейтін алымдардан ақша табудан бөлек, Instacart өзінің платформасындағы бренд жарнамасынан алатын соманы да көбейтуге тырыспақ. Мысалы, компанияның жарнамадан және жалпы сатылымның үштен бір бөлігін құрайтын «өзге қызметтерден» түскен кірісі 2022 жылы 29%-ға өскен еді.