Қуантыров 6 млн теңгелік Macallan вискиінің мысалында байлық салығы қалай алынатынын айтты
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров еліміздегі өседі деп күтіп отырған салық түрлеріне қатысты пікір білдірді. Байлық салығын қымбат алкогольді өнімнің мысалында түсіндіріп берді.
Байлық салығы. Оның айтуынша, Үкімет осыған дейін қазақстандықтардың меншігінде қанша яхта, ұшақ, қымбат автокөлік бар екенін хабарлаған. Байлық салығы осыларға салынады.
«Байлыққа салынатын салық аясында қымбат алкогольді өнімдерден де алым алынады. Оны мың есе арттырамыз. Мысалы 50 жыл сақталған Macallan вискиінің құны 6 млн теңге. Қазір оның акцизі 700 теңге. Біз оны 10 есе арттырамыз, осылайша, құнының 10%-ы ретінде салық салынатын болады. Байлыққа салынатын салық халықтың белгілі бір тобына ғана арналады», деді Қуантыров.
Жеке табыс салығы. Сонымен қатар ол пассив табысқа қатысты ЖТС қалай өзгеретінін айтты
«ЖТС сатылы жасауды көздеп отырмыз, акция, облигация және өзге де құнды қағаздар секілді пассив табыстарға прогрессивті салық салынады. Пасиив табыстың құны артқан сайын, мысалы 100 млн теңгеден жоғары болса, 15% (салық), 300 млн теңгеден жоғары – 20%. Бұл орта тапқа қатысты емес», — деп қосты министр.
Оның айтуынша, егер азаматтың орта есеппен 50 шаршы метрлік 10 пәтері болса, онда әрбір пәтер үшін жылына 11 мың теңге салық төлеп жүр. Өйткені, министрдің сөзінше салықты есептеу әдістемесі өзгереді.
«Егер осы 10 нысанды қосып есептейтін болсақ, олардың ортақ құны 100 млн теңге болады. Сонда 10 пәтер үшін жылына 10 мың теңге. Сәйкесінше, салық та жоғары болады, шамамен 400 мың теңгенің айналасында. Осылайша, мүлік иелері үшін салық 4 есе өседі. Менің ойымша, бұл әділ», деді Қуантыров.
Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі көбейтілген салық құнына қатысты бір шешімге келді. Енді 50 миллион теңгеден асатын көлік иелері мен 10 және одан да көп пәтері барлар көбейтілген салық төлейтін болады. Бұл туралы Сенатта вице-министр Азамат Әмрин мәлім еткен болатын.