Жаңалықтар

«Қазақстанның Даму банкі» 2022 жыл үшін 17 млрд теңге дивиденд төлейді

Фото: «Бәйтерек» холдингі, shutterstock

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ 2022 жылғы таза табысының 50%-ын дивиденд ретінде төлейтінін хабарлады.

Қазастанның қор биржасына жөнелтілген ақпаратқа сәйкес, ҚДБ өткен жылы 34 млрд 124 млн 886 мың 798,44 теңге таза табыс тапқан.

«Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының таза кірісі сомасының 50 пайызын құрайтын 17 062 443 399,22 (он жеті миллиард алпыс екі миллион төрт жүз қырық үш мың үш жүз тоқсан тоғыз теңге жиырма екі тиын) мөлшеріндегі сома «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Жалғыз акционері – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына дивидендтер төлеуге бағытталсын», делінген хабарламада.

Таза табыстың дәл осы сомадағыдай қалған, жартысы ҚДБ иелігінде қалдырылды. ҚДБ 2022 жыл үшін бір жай акцияға 8 068,91 теңге дивиденд төлейді. KASE-дегі ақпаратқа сәйкес қаржы ұйымының 2 114 590 жай акциясы орналастылған.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ жалғыз акционері «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының банк шотынақолма-қол ақшасыз аудару жолымен 90 күн ішінде аталған соманы аударады.

Айта кету керек бұл шешім «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Жалғыз акционерінің шешімі.

Бұған дейін, «Қазақстанның даму банкі атқарушы» орган мүшелеріне 2022 жыл үшін төленген сыйақының мөлшерін жария еткенін жазған едік. Қазақстан қор биржасына жолданған ақпаратқа сәйкес, оның көлемі 251,74 млн теңгені құраған.