«Қазақтелеком» есепшісі 643 млн теңге ұрлады деп күдіктеліп отыр
643 млн. теңгеден астам қомақты қаржы ұрлады деген «Қазақтелеком» еепшісіне қатысты тергеу аяқталды. Алматы қаласы прокуратурасы «Қазақтелеком» АҚ филиалдары бухгалтерінің аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық Алматы қаласы, Алмалы аудандық сотына жолдады.
Күдікті 2015 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде негізсіз аударымдар жолымен 643 млн. теңгеден астам сома жымқырды деп айыпталып отыр.
«Қазақтелеком» бетпе-бет келген қаржылық мәселелер бұл ғана емес. Отандық нарықта соңғы кезедеі «Қазақтелекомның» қаржылық саясаты күрделеніп кеткені байқалады. Жақында ғана компания басшылығы нарықтағы өз акцияларының бағалануына қатысты уәж айтты. «Қазақтелеком» акцияларының нарықтағы «мардымсыз» құнының компанияның «дәрежесіне» мүлдем сай емес екенін бас қаржы директор Людмила Атамұратова мәлімдеген.
Орайы келгенде айта кетейік, акцияларының нарықтық құны «мың құбылған» компания бағалы қағазының құны 28 тамызда 33,3 мың теңге болса, 6 қыркүйекке қарай 32,2 мың теңге деңгейіне дейін төмендеді. Ал 7 қыркүйек күні бұрынғы мәніне қайта оралды. 2023 жылдың қаңтарында «Қазақтелеком» акциясының құны 29,1 мың теңге болды.
Компанияның қаржы директоры акциялардың нарықтық құнына қатысты уәж айтып, оны бағалаудың аса әділетсіз екеніне қынжылған еді.
«Біздің компания үшін де бұл үлкен мәселе. Тіпті, байланыс операторларына иелік етсек те, акцияларымыздың нарықтың құны мүлдем компанияның негізгі құнына сай келмейтініне көз жетті. Әлбетте, акциялар құнындағы оң динамика біздің қаржылық нәтижелерімізді жақсы жағынан көрсетеді деп сенгім келеді. Олардың барлығының оң әсері бар әрі ауқым да жаман емес. Ал нарық дегеніміз баға өскен сайын құбыла түседі. Акцияларға дивидендтер жайлы жаңалықтар мен белгілі бір дивидендтік күтулер әсер ететіні де бар», – деді бас қаржы директор ЛюдмилАтамұратова.
13 қыркүйек күні, «Қазақтелеком» меншік құрылымының өзгергені туралы хабарланды. «Самұрық-Қазына» Ұлттық холдингі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінен «Қазақтелеком» акцияларының 28,2%-ын алды. Компанияның The Bank of New York Mellon номиналды иелігіндегі бағалы қағаздарының бір бөлігі (бұрын қаржы ұйымында 9,6% болған) Jusan Bank-ке өтті. Енді » Самұрық-Қазынаға «Қазақтелеком» акцияларының үштен екісі тиесілі, ал АҚШ банкінің қолында 5%-дан аз құнды қағаз қалды. Корпоративтік даму қоры 3,4% акцияға ие, ал қалған 7,8% басқа миноритарийлерге тиесілі.
Ертеріңізде болса, біз өз тарапымыздан «Қазақтелекомға» жартылай қарасты «Кселл» АҚ-cының «First Heartland Jusan Bank» АҚ-на кредиттік желі бойынша қарызын жартылай мерзімінен бұрын өтегенін жазған едік. Ал Jusan Bank 32,8 млрд теңгеге «Қазақтелекомның» 9 пайыз акциясын сатып алған болатын.