Ресейдің атом өнеркәсібіне шектеу: ЕО жаңа санкция жасақтап жатыр

Жарияланды
Фото: kursiv.media

ЕО жаңа санкциялар пакетін қазан айының бірінші жартысында жариялауы мүмкін. Бұл жайлы Bloomberg басылымы жазды.

Басылымның хабарлауынша, жасақталып жатқан санкциялар пакетін сол айға жоспарланған ЕО-АҚШ саммиті кезінде жарияланады. Санкциялар негізінен Ресейдің IT секторы мен, сұйытылыған табиғи газға (СТГ) және атом өнеркәсібіне қатысты болмақ.

Ресейге қарсы санкциялардың 12-ші пакеті аясында Еуроодақ ресейлік атом өнеркәсібіне шектеу қоюды ілгерілетуді жоспарлап отыр. Баслысымның хабарлауынша бұл бастаманы Польша мен Балтық жағалауы елдері көтерген.

Сонымен қатар, бір топ Еуорпа елдері ресейлік СТГ және IT қызметтіне қатысты қосымша санкциялар енгізуді қолдаған. Сонымен бірге бұл жолы Киевке көмек көрсету мақсатында Ресей Орталық банкінің тыйым салынған активтерінен түскен қаражатты пайдалану мәселесі де талқыланған.

Bloomberg-тің жазуынша, 12-ші пакет санкциясы Ресейдің «БАӘ және Түркия сияқты» үшінші елдер арқылы ЕО санкцияларын айналып өту мүмкіндігін шектеуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыз