фото: bakimhome.com
Еліміздегі «Береке» микроқаржы ұйымын ресейлік банкир сатып алды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының ақпараттық бағанында хабарланды. Ақпаратқа сәйкес, «Сейф-Ломбарт» ЖСШ-не тиесілі «Береке» микроқаржы ұйымы жай акцияларының 100%-ы сатылған.
Құжаттағы көрсетілген мәліметтерге сенсек, «Сейф-Ломбарт» «Береке» микроқаржы ұйымының жай акцияларын толықтай саудаға салған.
«Береке» микроқаржы ұйымының бір акциясының сату құны 1375 теңге болды. Деректерге сәйкес, компания мұндай жай акциялардың 1 600 000-ын саудалаған.
Мәмленің жалпы құны 2 200 000 000 (екі миллиард екі жүз миллион) теңге болды. Құжатқа сәйкес, жай акцияларды сатып алу төлемі 10 күн ішінде теңгемен өтелуі тиіс.
Ақцияларды ықыласы ауып, сатып алған тұлғаның Ресей азаматы, ірі кәсіпкер Ким Игорь Владимирович екені хабарланады
Орайы келгенде айта кетейік, Ким Игорь Владимирович – Ресейдің ірі кәсіпкері, танымал инвестор әрі банкир. Ашық ақпарат көздерінде Ресей Федерациясының еңбек сіңірген экономисі, ресейлік және шетелдік қаржы институттарының қатысуымен активтерді (M&a) сатып алу және шоғырландыру бойынша 30-дан астам мәмілені жүзеге асырған маман екені дәйектеледі. Қазір Ресейдегі «Экспобанк» АҚ-нің негізгі акционері саналады.
Еске сала кетейік, «Сейф-Ломбард» 2009 жылы Қазақстанда құрылған және Игорь Кимге тиесілі. Компания автомобильдер, аң терісі және зергерлік бұйымдарды кепілімен қарызға ұсынады. Корпоративтік сайтта фирманың бүкіл Қазақстан бойынша 125 бөлімшесі және 695 мың адамнан тұратын клиенттік базасы бар екені көрсетілген.
Естеріңізде болса, Ресейлік кәсіпкер, Экспобанк иесі Игорь Кимге тиесілі «Сейф-Ломбард» компаниясының «Торғай Орталық Азия» фирмасыдағы 100% үлесті сатып алғанын бұрын да жазғанбыз.
Ол кезде «Торғай Орталық Азия » «Сейф-ломбардтың» жетінші активі болды. Компания одан бөлек ресейлік «Сейф-Қаржы», өзбекстандық SEIF Lombard, сондай-ақ қазақстандық Cashdrive, Seif Car және «Береке» және екі микроқаржы ұйымдарына иелік етіп отыр.