«Арселор Миттал Теміртау» иелігіндегі ЖЭО-да жөндеу жұмыстары толық аяқталмаған – Энергетика министрлігі
«Арселор Миттал Теміртау» АҚ 2-ЖЭО алдағы жылыту маусымына № 1 қазандықты жөндеу аяқталды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі хабарлады.
№ 4 қазандықты күрделі жөндеу кестеден бір айға артта қалумен жалғасуда. «ЦентрЭнергоМеханизация» ЖШС мердігерлік ұйымына артта қалуды азайту үшін жөндеу персоналының санын көбейту ұсынылды.
№ 5 қазандықты жөндеу 30 қазанда аяқталады деп жоспарланған.
№ 2 турбинаны жөндеу анықталған қосымша ақауларға байланысты екі айға кешіктіріледі.
Персонал тапшылығы салдарынан № 7 қазандықтың құрылысы белгіленген мерзімдерден артта қалып отыр.
Жылыту кезеңін 4 бу, 2 су жылыту қазандығы, сондай-ақ 3 турбинасы бар ЖЭО-2 қамтамасыз етеді деп жоспарлануда.
Энергетикалық қадағалау комитетінің аумақтық департаменті алдағы жылыту кезеңінде ЖЭО-ның дайындығын тұрақты негізде бақылауды жүзеге асырады.