Жаңалықтар

Азия даму банкі Қытай, Үндістан мен Солтүстік Корея экономикасына қатысты қандай болжам жасап отыр?

Фото: kursiv.media

Азия даму банкі (АДБ) Азия-Тынық мұхиты аймағындағы дамушы елдердің экономикалық өсу болжамын 4,8%-дан 4,7%-ға дейін төмендетті.

АДБ есебіне сәйкес, келер жылы ЖІӨ өсімінің болжамы 4,8% деңгейінде қалды.

Осы аймақтағы тұтынушылық бағалар биыл 3,6% өсуы ықтимал. Бұл бұл алдыңғы 4,2% болжамнан төмен. Оған негізінен Қытайдағы төмен инфляция, сондай-ақ азық-түлік пен энергия бағасының тұрақталуы себеп.

2024 жылға арналған инфляция болжамы 3,5% құрайды.

«Азия-Тынық мұхиты аймағындағы экономикалық өсім тәуекелдер де артып келе жатқанына қарамастан, тұрақты болып қалады деген болжам бар. Биыл бірінші жартыжылдықта аймақтағы экономикалық өсім оптимистік болды, жақсы ішкі сұраныс пен жақсы сұраныспен қолдау көрсетті. Қытайдағы шектеулердің алынып тасталуы, тіпті әлсіз жаһандық болжам экспорттық сұраныстың әлсіреуіне әкеліп соқтырса да, туризмнің қалпына келуі, сенімді қызмет көрсету секторы, аймаққа күшті ақша аударымдары және қаржылық жағдайдың жақсаруы инфляциямен бірге экономикалық белсенділікті қолдауға көмектеседі. Көптеген елдер алдыңғы жылдағы шыңдардан жеңілдеді», – делінген АДБ шолуында,

Дегенмен, Қытайдың жылжымайтын мүлік секторындағы әлсіздік аймақтағы өсімге салмақ түсіреді. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер қаржылық тұрақсыздық қаупін арттырды. Банк сарапшылары экспорт шектеулері мен құрғақшылық, су тасқынының қаупі тағы да азық-түлік бағасын көтеріп, азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін деп пайымдайды.

АДБ бас экономисі Альберт Парк:

«Азиядағы дамушы елдер қарқынды өсімін жалғастырып жатыр және инфляция қысымы әлсіреді. Аймақтағы кейбір орталық банктер пайыздық мөлшерлемені төмендетуге кірісті, бұл экономикалық өсуді ынталандыруға көмектеседі. Дегенмен, үкіметтер қырағы болуы керек. Аймақтың жылжымайтын мүлік нарығының әлсіздігі қиын мәселе»,- деді.

Қытай экономикасы биыл 4,9%-ға өседі. Бұған дейін 5% өсім болжанған еді. 2024 жылға арналған болжам өзгеріссіз қалды: 4,5%.

АДБ Үндістан экономикасы биылғы жылы 6,3%-ға өседі деп болжап отыр, бұл бұрынғы болжамнан жоғары. Келесі жылға болжам 6,7% деңгейінде сақталды.

Оңтүстік Кореяда биылғы экономикалық өсім болжамы 1,3%, 2024 жылы 2,2% деңгейінде сақталды.

Банк Қазақстанның экономикалық өсіміне қатысты болжамын жақсартқанын жазғанбыз.

«Қазақстанның өсу болжамы сәуірдегі 3,7% және 4,1% көрсеткішінен 2023 жылы 4,1% және 2024 жылы 4,3%-ға дейін қайта қаралды. Оған тұтыну мен инвестицияның өсуіне байланысты мемлекеттің инфрақұрылым мен әлеуеттік бағдарламаларды жаңғыртуға жұмсаған шығындары әсер етті», делінген хабарламада.

Бұған дейін ұйым климаттық өзгеріс салдары болашақта қақтығыстарға әкелуі мүмкін деп мәлімдеген еді. Орталық және Батыс Азия елдерін климат өзгерісінің ауыр зардаптарын жою үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды,

АДБ 1966 жылы құрылған. Оның акционерлері 68 мемлекет, оның 49-ы Азия аймағында орналасқан. Банк олардың 46-сын Азиядағы дамушы елдер қатарына жатқызады.