KAZ Minerals Group-тың атынан жалған сайт ашқан: компания алаяқтардан сақ болуға шақырды

Жарияланды
Фото: kursiv.media

KAZ Minerals Group компания атын жамылған жалған веб-сайттың пайда болғанын хабарлады.

«Ғаламторда өзін KAZ Minerals Тобының корпоративтік ресурсы ретінде таныстыратын веб-сайт пайда болды. Бұл – жалған байланыс ақпараты бар корпоративтік веб-сайттың көшірмесі. Осы орайда компания www.kazminerals.com және www.kazminerals.info екі ресми ресурсы ғана бар екенін хабарлайды. Басқа сайттардың бізге қатысы жоқ», делінген баспасөз хабарламасында.

Компания көшірме сайт әзірлеушілері ықтимал құрбандарын адастыру үшін қылмыстық мақсаттарды көздейтінін ескертеді.

«Қазіргі таңда KAZ Minerals жалған ресурсқа тосқауыл қою шараларын қабылдауда.
Компанияның ақпараттық қауіпсіздік мамандары азаматтарды қырағы болуға, алаяқтардың айласына түспеуге шақырады. Сіз жалған болып шығуы мүмкін ресурстардың түпнұсқалығын екі рет тексеруіңіз керек. Күдік тудыратын контактілерді мұқият текесеріңіз. Компания ресми хабарламалар үшін жедел мессенджерлерді пайдаланбайды», деп хабарлайды KAZ Minerals баспасөз қызметі.

KAZ Minerals Limited («KAZ Minerals» немесе «Group») – Қазақстанның Абай ауданындағы Ақтоғай мыс кеніші мен Орловский кенішін және Павлодар облысындағы Бозшакөл кенішін, Шығыс Қазақстан облысындағы екі жерасты кенішін және онымен байланысты өңдеу зауыттарын және Қырғызстандағы Бозымшақ мыс-алтын кенішін басқарады. 2022 жылы KAZ Minerals-тың жалпы мыс өндірісі 380 мың тоннаны құрады, оның ішінде қосалқы өнім ретінде өндірілген концентраттағы 171 мың унция алтын, 3,8 миллион унция күміс және 47 мың тонна мырыш өндірілген.

Сондай-ақ оқыңыз