Сібір жарасын жұқтырған болуы мүмкін: Абай облысының Жетіжар ауылында карантин жарияланды
Абай облысы, Бесқарағай ауданы, Жетіжар ауылының тұрғыны сібір жарасын жұқтырды деген күдікке ілінді. Соған байланысты ауылда төтенше жағдай жарияланды.
«Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, науқас ПТР тестінен өткен, қазіргі уақытта ауру расталмаған. Дегенмен, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнінде өткен жоспардан тыс облыстық комиссия отырысында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті ауқымда табиғи төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданған», делінген хабарламада.
Қазір ауылдың кіреберісіне санитарлық бекет орнатылып, ауылшаруашылық өнімдерін сыртқа шығаруға уақытша шектеу қойылған. Сонымен қатар, жағдайдың себептерін анықтау бойынша аудиторлық жұмыстар жүргізілуде.
«Сібір жарасы ауа-тамшы жолдары арқылы таралмайды. Ол ластанған тамақ немесе су арқылы, сондай-ақ терідегі кесу немесе сызаттар арқылы жұғады», деп ескертеді әкімдік.
Еске сала кетсек,1 қыркүйекте Ақмола облысының Ветеринария басқармасы малдың қырылып, 12 адамның сібір жарасы ауруымен ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Нәтижжесінде, Үшқарасу ауылы карантинге жабылған болатын.
Бұл оқиғадана кейін залалды бағалау және аурудан өлген мал үшін өтемақы төлеу жөніндегі арнайы комиссия құрылып, мемлекеттік органдар жағдайды бақылауға алды. Сондай-ақ ауыл ауылға 1,7 мыңнан астам доза вакцина және 900 000 мл дезинфекциялау құралдары, сондай-ақ ошақты тексеру және жою үшін қажетті барлық арнайы техника жеткізілді.