Жаңалықтар

2014 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген азамат Түркиядан елге әкелінді: ол 1 млрд теңге жымқырды деп күдіктелуде

экстрадиция
2014 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген азамат экстрадицияланды. Фото: shutterstock

Бас прокуратураның мәліметінше Түркияның Әділет министрлігі Қазақстан Бас прокуратурасының 2014 жылдан бастап халықаралық іздеуде жүрген азамат «К» ұстап беру туралы сұрау салуын қанағаттандырды.

Ақпаратқа сәйкес, аталған азамат құрылыс компанияларының жалпы сомасы шамамен 1 млрд. теңге ақша қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.

«Бұл қаражат әлеуметтік мақсаттағы объектілерді салуға арналған. Олардың арасында аурухана болды», – делінген хабарламада.

21 қыркүйек күні Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалған күдікті «жоғарыда аталған қылмысы үшін, мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», делінген ақпаратта.

«Бұл нәтижеге біздің мемлекеттер арасындағы қылмыстық-құқықтық саладағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейінің, сондай-ақ Бас прокуратураның Түркияның құзыретті органдарымен мақсатты жұмысының арқасында қол жеткізілді. Түрік елі тарапынан қылмыс үшін жазаның бұлтартпасытығын қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстанның күш-жігерін толық қолдағанын атап өткен жөн»,- деп атап көрсетті Бас прокуратура.