Активтерді қайтару туралы заң қазақстандық бизнеске салынатын инвестиция өсімін қалай ынталандырады?

Жарияланды

Активтерді қайтару туралы заң және Бас прокуратураның құрамындағы осы аттас комитет «ескі Қазақстанның» сарқыншағынан арылып, «жаңа Қазақстан» құрудың негізіне айналады.

Фото: kursiv.media

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ірі бизнес өкілдерімен өткен кездесуінің ең маңызды тақырыбы заңсыз алынған активтерді қайтару болды. Тоқаев активтерді қайтару туралы алғаш рет 2021 жылдың мамырында айтқан болатын, тек 2023 жылдың шілдесінде бұл идея заң ретінде жүзеге асты.

Биыл 12 шілдеде қабылданған құжат ресми түрде «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң деп аталады. Заңның мақсаты – «активтерді қайтару және оларды Қазақстан Республикасындағы заңды экономикалық айналымға тарту, оларды заңсыз иемденуге және шығаруға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ қоғамда әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру.”

Қазақстан Республикасында заңсыз жолмен тапқан табысқа сатып алынған бүкіл активке іздеу салынады. Заң мәтінінде бұндай табыстарға әкімшілік ресурсты пайдалана отырып тапқан табыстың бәрі жатады. Тергеу басталуы үшін белгілі бір тұлғаның бұл активтерді заңды түрде иемденгеніне орынды күдік туындауы жеткілікті.

Квазимемлекеттік сектордың бұрынғы және қазіргі лауазымды тұлғалары мен басшыларының кірісінен құны жоғары активтер, ал кәсіпкерлерден бәсекелес емес жағдайда: арнайы бір жеңілдіктер мен артықшылықтан берілген кезде тапқан табысы ізделеді.

Кәсіпте әдеттен тыс үлкен табыс, нарыққа тән емес операциялар да прокурорлардың назарын аударуы мүмкін. Сонымен қатар олар банктерден аса ірі мөлшерде қарыз алып, қаржы ұйымдарына үлкен залал келтірген істерді де тергейді.

Заңсыз кірісті бағалау үшін қаржылық есептен бастап, тіпті «БАҚ-тағы аналитикалық шолуларға» дейінгі ашық дереккөздер пайдаланылады.

Заң күші Қазақстан аумағында құрылған бүкіл юрисдикцияға қолданылады, тіпті АХҚО-да жасырынуға мүмкіндік жоқ. Прокуратура шетелдегі активтерді де іздейтін болады. Заң қазақстандықтар мен шетелдіктерге, лауазымды адамдар мен кәсіпкерлерге, тергеудің тікелей субъектілеріне және олармен байланысты тұлғаларға қатысты қолданылады.

Прокурорлар жыл сайын өз интернет-ресурсында активтерді өндіріп алу жөніндегі жұмыс нәтижесін (қызмет нәтижелерін талдау, қабылданған шаралар мен ұсынымдарды) жариялауға міндетті.

Заңды жүзеге асырудың ең маңызды құралы қазірдің өзінде пайда болды. Бас прокуратураның құрылымында жоғарыда аталған Активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылды. Жаңа бөлімшенің құрылуы нәтижесінде Бас прокуратураның штаттық саны 114 адамға – 5836-дан 5950-ге дейін өсті. Прокуратура туралы ережеге Мемлекеттік прокуратураның «Бас прокуратураның заңсыздығын тексеру» функциясы енгізілген.

Прокуратура туралы қағидаларға «мүлікті заңсыз иемденуге, алып қоюға және қайтаруға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік прокуратураның «активтерді сатып алу (шығу) көздерінің заңдылығын тексеру», мониторинг және ақпаратты талдау жөніндегі қызметі кіреді. Бұл жаңалық 21 шілдеде Бас прокуратура ұсынған «Заңды іске асыру жөніндегі шаралар» кешеніне енгізілген.

Қыркүйек айының басында активтің қайдан келгенін тексеру қағидалары әзірленді. Комитет төрағасы өз бетінше немесе Бас прокурордың немесе оның орынбасарының талабы бойынша тексеруге бастама көтере алады. Ескерту мерзімі жоқ. «Шара кезеңі […] активті сатып алудан басталатын уақытты қамтуы мүмкін», – делінген ережелерде.

«Активтерді қайтару» процесі қалай болатынын түсіну үшін заң ережесі мен БП ережесін және президенттің мәлімдемелерін түсіндіруге тырысайық.

Бірінші кезеңде прокурорлар активтерді іздестіреді, олардың нақты орналасқан жерін анықтайды, Сосын активтер мен оларды бақылайтын тұлғалар арасындағы байланысты нақтылайды. Деректерді іздеу нәтижесі бойынша активтерді қалпына келтіру жөніндегі комиссия «оларды сатып алу көздерінің заңдылығын растау» шартымен активтердің (олардың бұрынғы немесе қазіргі иелері мен үлестес тұлғаларын көрсете отырып) тізілімін жасайды. «Жолы болғандар» тізілімге енгізілгені жайлы хабардар етіледі. Жеке тұлғаларды тек бір жыл ғана тіркеуге алуға болады.

Тiзiлiмге енгiзiлгеннен кейiн, тізімдегілер 1-3 ай аралығында активтердiң шығу көзі заңдылығын растайтын iлеспе құжаттармен қоса активтердi ашу туралы декларация өткізеді. Прокурорлар алты ай ішінде жауап беруге немесе қосымша ақпаратты сұрауға міндетті.

Осы жерде шаруаға комиссия араласып, ол прокурорларға «істі сотқа жіберуге негіз жоқ» деп тануға болмаса сотқа жіберуге кеңес бере алады. Ал активтерді ерікті түрде қайтарғысы келсе, келісімге келіп, немесе іс материалдарын одан әрі зерделеу ұсынылады.

Активтерді өз еркімен қайтарған жағдайда тізілімге тартылғандарды жауапкершілікке тарту тоқтатылады. «Өз еркімен қайтару» тергеу субъектісі барлық жағдайда айыппұл төлеуі керек дегенді білдірмейді. «Активтерді ерікті түрде қайтару туралы келісімнің шарттарында Қазақстан Республикасына қаражатты қайта инвестициялауды, кәсіпорындарда қосымша жұмыс орындарын құруды, өндірістік қуаттарды экологиялық тұрғыдан жаңғыртуға инвестицияларды және тараптар келіскен басқа да шараларды қоса алғанда, мемлекет пен Қазақстан Республикасы халқының бұзылған мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған қажетті шараларды іске асыру да көзделуге тиіс», – делінген заңда.

Егер тізілімге кіргендер қарсылық танытса, оларға аса жақпайтын шаралар легі басталады. Бас прокуратура сотқа шағым түсірмей түрып-ақ, дүние-мүлікке бұғат салып, мәміле жасауға, дивиденд алуға шектеу қоя алады, Бұл шаралар заңда «алдын ала қамтамасыз ету» деп аталады.

Ең соңында сот анықтаған заңсыз актив болмаса шығын көлемі мәжбүрлі түрде өндіріледі. Егер активтер шетелге шығарылған немесе сатылып кетсе, осы активтердің құны өтеледі. Мемлекетке қайтарылған қаржы арнайы әлеуметтік қорға түсіп, басқарушы компанияның басқаруында болады.

Кезінде бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаев ірі бизнесмендерге «әрқайсысыңды жетелеп сотқа апара аламын» деген еді. Енді екінші Президент сөзден іске көшіп, «сотқа апарудың» заңдық негізін қалады.

Заңның ең басты саяси мәні – ол бизнес-элитаның ел басшылығына деген ниетін өзгерту. Бұл жерде мәселе «15 мегажоба» Назарбаевтың «30 корпоративті көшбасшысына» ұқсайтынында емес. Ең бастысы – бизнес ел басшылығының сөзіне құлақ асып, ақшаны айтқан жаққа салуы. Бұл бизнес «Жаңа Қазақстанның» негізіне айналып, мемлекеттік қолдау мен субсидияны заңды алатын болады.

Сондай-ақ оқыңыз