АҚШ Конгресінде Украинаға көмектесуге қарсы республикашылардың саны артты

Жарияланды

30-ға жуық республикашылар Ақ үйдің Киевке көмек көрсетуіне қарсы. Олар Украинаның 24 миллиард доллар көлемінде сұраған қаржысын беруден бас тартқанын айтты. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлайды.

«Біз Украинадағы соғысқа қосымша қаржы бөлуге және шығындарға қарсы тұрамыз», – деді парламентшілер.

Үндеуге қол қойған саясаткерлер АҚШ Киевке көмек көрсетудің түпкі мақсатын белгілемегенін атап өтті. Олар Украина Қарулы Күштерінің) қарсы шабуылының барысы туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді және Вашингтонның жалпы стратегиясын түсіндіруді талап етті.

Бұған дейін Ақ үйдің ресми өкілі Джон Кирби Владимир Зеленский мен АҚШ президенті Джо Байденнің келіссөздері 21 қыркүйекте өтеді деп мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз