ФРЖ қажет болған жағдайда базалық мөлшерлемені көтеруі де мүмкін – Пауэлл

Жарияланды
Shutterstock

Федералды резерв жүйесі қажет болған жағдайда базалық пайыздық мөлшерлемені тағы көтеруге дайын, деп мәлімдеді АҚШ Орталық банкінің төрағасы Джером Пауэлл.

Айтуынша, ақша-несие саясатын қатаңдату үшін кіріс деректері мен туындайтын тәуекелдерді бағалау кезінде мұқият әрекет ететін болады.

«Сондықтан біз ставканы сол деңгейде қалдыруды және оны тағы бір көтеру қажеттілігі бар-жоғын түсіну үшін қосымша статистиканы күтуді шештік», – деп атап өтті Пауэлл.

Айта кетейік, АҚШ ФРЖ сәрсенбідегі отырыс қорытындысы бойынша базалық мөлшерлемені өзгеріссіз – жылдық 5,25-5,5% деңгейінде сақтап қалды.

«Бірақ біз ставканың шарықтау шегіне жеткенін немесе жетпегенін әлі білмейміз», деді Пауэлл

Пауэллдің айтуынша, Федрезервке АҚШ-тағы инфляция бақылауға алынғандығы туралы сенімді сигналдар қажет.

Оның айтуынша, Федрезервтің одан әрі шешімдері барлық деректердің жиынтығы негізінде қабылданады.

Американ Орталық банктің ставканы төмендету мүмкіндігі туралы сұраққа Пауэлл 2024 жылы «бір сәтте ставканы төмендететін уақыт келеді, бірақ мен дәл қашан екенін айтпаймын»деп жауап берді.

Сәрсенбіде аяқталған отырыстың қорытындысы бойынша жарияланған ФРЖ басшыларының медианалық болжамдары базалық пайыздық мөлшерлеме 2023 жылдың соңына қарай 5,6%, 2024 жылдың соңына қарай 5,1% және 2025 жылдың соңына қарай 3,9% құрайды деп болжайды.

Сондай-ақ оқыңыз