АҚШ пен Еуропа қор нарықтарында көрсеткіш төмендеді, Shanghai Composite индексі керісінше жоғарылады

Жарияланды

фото: kursiv.media

АҚШ. Бейсенбіде Dow Jones индексі 1,08%, S&P 500 1,64% және Nasdaq Composite 1,82%-ға төмендеді. Бұл ретте S&P-дің барлық 11 секторы сауда-саттықты төмен көрсеткішпен аяқтады, тұтыну тауарлары мен жылжымайтын мүлік секторлары «іліп аларлық» нәтижеге де қол жеткізе алмады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының шолуында айтылған.

Ақпаратқа сәйкес, 10 жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілігі 16 жылдық деңгейге дейін өсті. Бұған ФРЖ-ның көңіл көншітпес пікірлері ықпал етті.

Google компаниясы 2027 жылы AI чиптерін жеткізуден бас тартуы мүмкін деген жаңалықтан кейін Amazon акциялары 4,4%-ға, ал Broadcom 2,7%-ға төмендеді. Компания Splunk киберқауіпсіздік бағдарламалық жасақтамасын 28 миллиард долларға сатып алатынын айтқаннан кейін Cisco акциялары 3,9%-ға төмендеді.

Еуропа. Бейсенбіде Еуропалық қор нарықтары құлдырады, Dax және STOXX 600 индекстері тау-кен және туризм компанияларының акцияларына бола 1,3% жоғалтты. Англия Банкі жақын арада инфляцияның айтарлықтай төмендейтіне сүйене отырып, мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды. Швейцарияның Ұлттық Банкі ақша-несие саясатының нығаю үрдісін аяқ астынан тоқтатты. Швеция мен Норвегияның орталық банктері мөлшерлемені 25 б.п-ға (базистік пункт) көтерді. Exane рейтингі құлдырағаннан кейін Ocado акциялары да 20%-ға төмендеді. JD Sports акциялары көңілге сенім ұялатар болжамдар аясында 9% – дан астам өсті.

Жапония. Nikkei 225 индексі жұмада 1%-ға, нақтырақ айтқанда, 32 505-ке дейін төмендеді. Жапониядағы инфляцияның жалпы деңгейі тамызда 3,2%-ға дейін, Шілдеде 3,3%-ға дейін баяулады, ал Жапония Банкінің базалық инфляция деңгейі 2%-дан жоғары көрсеткішпен қалып отыр. Қыркүйек айында елдегі іскерлік белсенділік кері кетіп, жеті ай ішінде ең төменгі деңгейге дейін баяулады.

Қытай. Shanghai Composite индексі жұма күні 0,8%-ға өсіп, 3 108-ден асты, төмендегі санамалап айтылған: Kunlun Tech (14,4%), Huagong Tech (9,6%), Zhongji Innolight (8,8%), Foxconn Industrial (6,4%) және IEIT Systems (4,5%) сынды технологиялық компаниялардың акциялары артты.

Ресей. Мәскеу биржасының индексі бейсенбіде 1,59%-ға, нақтысы, 3 019,22-ге дейін төмендеді.

Тауар нарықтары

Жұма күні таңертеңгі сауда-саттық қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнайға жаңа баға белгіленді. Аталмыш мұнай барреліне 90,31 доллар, WTI-барреліне 9 90,31 болды.

Валюта нарықтары

DXY доллар индексі жұма күні, таңертеңгі сауда-саттықта, 105,53 пункт деңгейімен сатылып жатқан жайы бар.

Сондай-ақ оқыңыз