АҚШ Сенаты Әзірбайжанға қарсы санкциялар енгізуді ұсынды

Жарияланды

фото: W.Scott

АҚШ сенаторлар тобы Арменияға Қарабақ қақтығысында әскери көмек көрсетуді және Әзірбайжанға қарсы шаралар енгізуді ұсынды.

Әскери тұрғыдан Арменияға көмек көрсетуді бірқатар АҚШ сенаторы құптап отыр. Бейсенбі, 21 қыркүйекте, АҚШ Сенатының сайтында жарияланған заң жобасында «Таулы Қарабақ халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиясын» әзірлеу, сондай-ақ АҚШ-тың Арменияны әскери қаржыландыруына рұқсат беру ұсынылады.

Құжатты бес сенатор дайындаған, олардың төртеуі Демократиялық партияны өкілі болса, біреуі Республикалық партия қатарында екені нақтыланды.

Сенаторлар тобы, керісінше, Әзірбайжанды қаржыландыруға келгенде сараңдық танытуды ұсынды. Депутаттар 1991 жылы қабылданған «бостандықты қолдау туралы актінің» 907-бабын қайта қарау қажет екенін айтады. Бұл заң КСРО ыдырағаннан кейін тәуелсіздік алған елдерге экономикалық қолдау көрсетуге мүмкіндік берді. Дегенмен 1992 жылы Таулы Қарабахтағы қақтығыстың күшеюіне байланысты Әзірбайжанға қаржылық қолдау көрсетуге тыйым салынды.

Тыйымды 2000 жылдары АҚШ президенті Джордж Буш алып тастады, мұндай тарихи қадам АҚШ-тың Әзірбайжанмен терроризмге қарсы ынтымақтастына негізделді. Енді сенаторлар тыйымға қайта оралуды алға тартады. Сондай-ақ Таулы Қарабақтағы «армян халқына қарсы әрекеттері» үшін «Әлиев режиміне» қарсы қосымша санкциялар енгізуді ұсынады.

Еске сала кетейік, 19 қыркүйекте Әзірбайжан мемлекеті Таулы Қарабақ аймағында «терроризмге қарсы іс-шараларды» қолға алғанын мәлімдеді. Әзербайжан СІМ-і аймақтағы бейбітшілікке жетудің жалғыз жолы – Армения әскери күштерін Қарабақтан толық шығару және Степанакерттегі қатаң «режимді» құрту деп мәлімдеді. Армения қақтығыстан басын ала қашып, өз контингентінің Қарабақта болуын жоққа шығарады.

Кейіннен Ресей президенті Владимир Путин мен Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты телефон арқылы сөйлескені айтылды.

Әзірбайжан тарапының бастамасымен болған бұл әңгіме барысында Қарабахтағы соғыс қимылдарын толық тоқтату туралы Ресей бітімгершілік контингентінің көмегімен қол жеткізілген келісімдерді дәйекті жүзеге асырудың маңыздылығы талқыланғаны хабарланды.

Сондай-ақ оқыңыз