Ғалымжан Есенов First Heartland Securities жай акцияларын кері сатып алмақ па?

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Jusan Bank директорлар кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов First Heartland Securities акционерлеріне жай дауыс беретін акцияларын кері сатып алуды ұсынды. Бұл жайлы Kase хабарлады. Есенов бір акция үшін ұсынған баға 51 498 теңге.

«First Heartland Securities» АҚ акционері компанияның басқа акционерлеріне өздерінің жай акцияларын сату туралы ұсынысын жариялады. Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «First Heartland Securities» АҚ KASE-ге 8 262 711 жай акцияға иелік ететін акционер Ғ.Ш.Есеновтың компания акционерлеріне олардың жай акцияларын бір акцияға 51 498,00 теңге бағамен сатып алу туралы ұсыныс жасағаны туралы хабарлады», делінген хабарламада.

«Курсив» Назарбаев қорымен байланыстырылып келген Jusan Bankтің Ғалымжан Есеновтің иелігіне өтетінін жазған болатын. «First Heartland Securities» АҚ иесі британдық «Jusan Technologies» компаниясы екендігі айтылған. Ал Акционерлер реестрінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес, Jusan Bank яғни «First Heartland Jusan Bank» АҚ акционерлері  «First Heartland Securities» АҚ (78,23%) мен Ғалымжан Есенов (19,67%) деп көрсетілген.

31 шілде күні «First Heartland Securities» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертіліп, оның құрамына Ғалымжан Есенов кірді.

Ал 1 қыркүйекте «Elge qaitaru» қоғамдық қорының директоры Оразалы Ержанов Қазақстан Республикасының Әділет министрі Азамат Есқараевқа өзінің әлеуметтік парақшасында болашақта «Ғалымжан Есенов Jusan банк-ті мемлекетке қайтара ма?» деген сауал тастады. Автордың айтуынша, мемлекет «Цеснабанк» пен «АТФ» банкті құтқаруға 1,5 триллионға қаражат жұмсаған. Осы орайда ол мемлекеттің бұл қаражатты Jusan банкке тегін бере отырып, банкті 32 позиция бойынша басқа активтерімен бірге АТФ банктің бұрынғы иесі Ғалымжан Есеновтің меншігіне беруі қаншалықты заңды екенін сұраған.

Сондай-ақ оқыңыз